11. Терминдермен анықтамалар Дүниежүзілік экономикалық форум - Давостағы жыл сайынғы кездесулердің ұйымдастырылуымен танымал болған швейцариялық үкіметтік емес ұйым. Кездесуге бизнестің жетекші басшылары, саяси көшбасшылар, көрнекті ойшылдар мен журналистер шақырылады. Мұнда денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғауды қоса алғанда, аса өткір әлемдік проблемалар талқыланады. ДЭФ рейтингісіне «21 ғасыр дағдыларындағы айырмашылықты зерттеу» кіреді.
Балалар мен жастар бастамалары – жаңа қызметке ішкі көзқарас, бастама. // Қандай да бір іс-әрекеттегі басқарушы рөл. Өз бетінше, белсенді іс-қимыл жасау қабілеті; іскерлік.
Балалар (жастар) қоғамдық қозғалысы, қалыптастыру, біріктіру, ұйымдастыру – түрлі жастар қозғалысы құрылымдарының бірі, балалардың өзіндік қызметтерін, әлеуметтік белсенділігін, өзін-өзі жүзеге асыруын ұйымдастыру түрі.
Балалардың азаматтық қоғамы – бұлбалалар мен жастардың мемлекетке тәуелсіз, дербес қоғамдық ұйымдарының жүйесі.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – «...тек материалдық өнім ғана емес, сонымен қатар білім алу, қызмет көрсету, зияткерлік өнімдер, сондай-ақ еңбек ресурсының сапасы..., компьютерлік сауаттылық, шетел тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар».
Білімнің салтанат құруы - жоғары білімді адамға ықпал ететін технологиялық революция жағдайында білім алуға ұмтылуға негізделген құндылықтар жүйесіндегі басты құндылық «...жоғары білім деңгейінің арқасында мамандықты өзгерту оңай…».
Месседж – «message ['meisidз] 1. з.е. хабар, хабарлама; хабар қағаз, хат; тапсырма, миссия; 2. ет. хабарды жіберу; хабарды жеткізу, белгі беру». Месседжде ең бастысы - бұл ойға салынған ақпаратты мағынасы сақталған күйінде беру. Месседж сөзі көбінесе екі мағынада қолданылады: 1. хабарлама; 2. жолдау, басты идея, ішкі жолдау. Месседж лексемасы ауыспалы мағынада жолдау, идея, сөздің астары сөздерімен синонимдік қарым-қатынасқа түседі.
Сананы жаңғырту – өзгермелі жағдайларға бейімделу арқылы өзін шоғырландыру және өзгерту, өз мәдениеті мен ұлттық кодын ескере отырып, жаңа дәуірдің ең жақсысын таңдау.
Қоғамдық сана –табиғи немесе жасанды тілдерде, мәдениет объектілерінде көрсетілген қоғамдық идея, білім, мақсат, құндылықтар және т.б. жиынтығы.
Қоғамдық сананың құрылымында қоғамдық сананың деңгейлері мен формалары белгіленеді. Қоғамдық сананың түрлері қоғамдық байланыстар мен қатынастардың барлық алуан түрлілігін көрсетеді. Деңгейлер қоғамның даму сатысын білдіреді. Әдеттегі-практикалық деңгей – аталған халықтың әдет-ғұрпында, дәстүрлерінде көрсетілген қоғамдық психология. Теориялық деңгей – халықтың байырғы мүдделері көрсетілген қоғамдық идеология.
Қоғамдық сананың түрі қоғамдық сананың әдеттегі-практикалық, сондай-ақ теориялық деңгейлерінде әсер етеді.