Энергетикасы



бет1/12
Дата08.11.2022
өлшемі0,6 Mb.
#48355
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс №6


ХИМИЯЛЫҚ ӨНЕРКƏСІПТІҢ ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ

ЭНЕРГЕТИКАСЫ



Химиялық өнеркəсіптің шикізаты

Химиялық өндіріс өте көп мөлшерде шикізатты өңдейді жəне осындай көлемде су, отын, энергия жұмсайды. Көптеген химиялық өндірісте 1 т өнімге шаққанда шикізаттың жұмсалу коэффициенті 3-4 т жетеді, ал кейбір жағдайда 6 т құрайды. Технологиялық үдерістерде шикізатпен энергияны тиімді пайдалану химия өнеркəсібінің маңызды проблемаларының бірі. Ресурсты үнемді пайдаланудың негізгі жолдарына химиялықтехнологиялық үдерістердің қозғаушы күшін жеткілікті қолдану, отынэнергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, аппаратпен машинаны барынша құрылымдық-функционалдық қолдану, сумен қамтамасыз етудің тұйық жолдары, химиялық өндірістің беріктілігін көтеру жəне қамтамасыз ету, өндірістің құрал-жабдықтарын тиімді орналастыру жатады.
Дүние жүзінде Қазақстан минералдық шикізат ресурстарының мөлшері жəне əртүрлілігі бойынша алдыңғы қатардан орын алады. Республиканың отын-энергетикалық комплексінің шикізат базасы минералдық шикізат экономикасының сұранысын толық қанағаттандырады. Қара жəне түсті металдардың, мұнай, көмір, газдың жеткілікті қоры болғандықтан минералдық шикізатқа деген сұраныстың проблемасы түбегейлі шешіліп, өндірістің салаларының тұрақты дамуына толық негіз бар. Химиялық өндірістің шикізатты пайдалану тұрғысынан ерекшеліктері:

  • шикізат базасының көп варианттылығы, ауыл шаруашылық өнімдері, ауа жəне су, химиялық өнеркəсіпте өңделген табиғи шикізаттың (мысалы, құрамында фтор бар газдар, сульфаттар, фосфогипс жəне т.б.) жəне аралас салалардың (түсті металлургиядан, мұнай өңдеуден, коксхимиядан шығатын газдар) өнімдері;

  • əртүрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізаттың бір түрін комплексті пайдалану мүмкіндігі;

  • бір шикізаттан əртүрлі химиялық өнімдер алуға мүмкіндік беретін химиялық өңдеу əдістерінің көптүрлілігі (мысалы, бензолдан каучук, поли-стирол, капролактам, улы химикаттар жəне басқа өнімдер алу).

Химиялық өнеркəсіптің өнімдері бастапқы зат (шикізат) аралық өнімдер (жартылай өнімдер) жəне дайын өнімдер деп бөлінеді.
Шикізат – өнеркəсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын табиғи материалдар. Жартылай өнімдер – сол мекемеде шикізатты өнеркəсіптік өңдегенде алынған материалдар жəне қандай да бір өнім алу үшін бастапқы материалдар ретінде пайдалану. Практикада жартылай өнім оны дайындайтын мекеме үшін дайын өнім, ал осы жартылай өнімді тұтынатын мекеме үшін шикізат болуы мүмкін. Мысалы, түсті металлургия зауытында алынған күкірт қышқылы сол мекеме үшін дайын өнім, ал минералды тыңайтқыштар өндірісінде шикізат болып табылады. Шикізат кез келген химиялық-технологиялық үдерістің бөлінбейтін элементі жəне оның техникасымен экономикасын анықтаушы. Химиялық-технологиялық үдерістерде негізінен периодтық жүйенің 60 элементі қолданылады. Ал ірі тоннажды химиялық өндірістер шикізаттың белгілі бір түріне негізделген жəне шикізат өте үлкен мөлшерде қолданылады. Химиялық өнеркəсіпте əртүрлі шикізат өнделеді. Өнеркəсіпте шикізатқа жұмсалатын шығын өнімнің өзіндік құнының 60-70%-ы, ал мұнайхимиялық өнеркəсіпте 70%-дан астамын құрайды. Химиялық өнеркəсіптің қуаттылығы, еңбек өнімділігінің деңгейі, құрал-жабдықтың пайдалы жұмыс істеу ұзақтығы дайын өнімді шығаруға еңбек шығынының дəрежесі шикізаттың түріне жəне сапасына байланысты. Химиялық-технологиялық үдерістерде қолданылатын шикізат:

  • соңғы өнімге өңдеу сатыларының санын азайту;

  • шикізатты химиялық өзгеріске дайындауға жəне үдерісті жүзеге асыруға энергетикалық, материалдық шығындарды аз жұмсау;

  • бастапқы энергияның максималды шығынсыз жұмсалуы;

  • əрекеттесуші заттардың агрегаттық күйінің өзгеруіне төмен температура, қысым жəне аз энергия жұмсау;

  • реакциялық қоспада мақсатты өнімнің концентрациясын арттыру сияқты талаптарды қанағаттандыру керек.

Химиялық өнеркəсіптің шикізаты əртүрлі белгілері бойынша жіктеледі: шығу тегіне байланыстыминералдық, өсімдік, жануартекті; қоры бойынша – сарқылатын (кендер, минералдар, жанғыш пайдалы қазбалар) жəне сарқылмайтын (су, ауа, өсімдік жəне жануартекті); химиялық құрамы бойынша – бейорганикалық (кендер, минералдар) жəне органикалық (мұнай, көмір, табиғи газ); агрегаттық күйі бойынша – қатты, (кендер, минералдар, көмір, сланецтер, торф) сұйық (су, тұздықтар, мұнай) жəне газтəрізді (ауа, табиғи газ). Сондайақ шикізатты біріншілік (минералдық, өсімдік жəне жануартекті, жанғыш пайдалы қазбалар, су, ауа) жəне екіншілік (өнеркəсіптік жəне тұтынылатын қалдықтар), табиғи жəне жасанды (кокс, химиялық талшық, синтетикалық каучук, синтетикалық бояулар, шайырлар жəне т.б.) деп бөледі.
Минералды шикізат – жер қыртысынан өндірілетін пайдалы қазбалар. Минералды шикізат – кендік, кендік емес жəне жанғыш деп үшке бөлінеді. Кендік минералды шикізат – тау жыныстары. Кендік шикізаттың кейбір түрлерін өндегенде металдармен қатар химиялық өнімдер алынады. Мысалы, бір мезетте мыс, мырыш, никель өндірумен қатар күкірт қышқылын да өндіруге болады.
Кендік емес минералды шикізат – химиялық, құрылыс жəне басқа бейметалдық материалдар алу өндірісінде қолданылатын тау жыныстары. Бұл шикізат түрлерінен əртүрлі химиялық өнімдер алуға болады. Кейбір кендік емес шикізаттың қолданылуы келесі суреттерде берілген.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет