Республика аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бірізділікпен қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады.
“ҚР Ішкі Істер органдары”
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамассыз ету.
Қылмыстың және басқа да құқық бұзудың алдын алу.
Қылмыстық істер бойынша анықтауды және алдын – ала тергеу жүргізуді жүзеге асырады.
“ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдары”
Ұлтық Қауіпсіздік органдары – ҚР қауіпсіздігін қамтамассыз ету, жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік орган.
Атқаратын қызметтері:
Жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамассыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасаушы және іске асырушы орган.
ҚР мүдделеріне сәкес барлау ақпараттарын іздеп табады.
ҚР аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терорризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі.
Мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған байланыстармен қамтамассыз ету.
“ҚР Әділет органдары”
Әділет саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамассыз ететін атқарушы биліктің орталық органы “ҚР Әділет министрлігі” болып табылады.
Міндеттері:
Саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдің құқық негіздерін бекітуге ықпал ету.
Заң жжобалау жұмыстарын ғылыми және тәжірибелік жағынан қамтамассыз ету.
Заң жобаларының құқықтық және қылмыстық тұрғысынан сараптауды қамтамассыз ету.
Қабылданатын заңдардың тиімділігін болжау.
“ҚР Қаржы полициясы”
Криминогенді жедел жағдайларды талдау және болжау.
Қаржылық және өзге де экономикалық қылмыстар жасауға себеп болатын жағдайларды зерттеу.
Сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және қарсы тұру.
“ҚР Кедендік органдары”
Кеден ісі саласындағы контрабандамен және қылмыстармен кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ережелерін және салық заңын бұзушылықпен күрес.
Есірткілік, психотроптық заттардың, қару – жарақтың, ҚР халықтарының және шет елдерінің байлығы болып саналатын құнды материялдарды, басқа да заңсыз айналымына тосқауыл қою.