Екіншісі, қандай да болмасын арнаулы білімге негізделсе де, сараптама әр уақытта қылмыстық іс бойынша дәлелдеу шеңберінде, жүргізілетн зерттеу әрекеті.
Сот сарапшысына қойылатын кәсіптік және біліктілік талаптар
Сот сарапшысына қойылатын кәсіптік және біліктілік талаптар
Сот сарапшысының жоғары білімі және сот сараптамасының белгілі бір түрі саласында арнаулы ғылыми білімі болуға тиіс.
Сот сараптамасын жүргізу:
1)Сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне;
2)Сот –сараптама қызметін лицензия негізінде;
3)Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.
Осы екінші айтылған пікір бойынша мынадай дәлел аргумент айтуға болады:
а) Қандай жағдайда болмасын, ғылыми мәліметтер негізінде, сарапшы міндетті түрде зерттеу жүргізеді, яғни ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттеу жүргізгенде, сарапшы осы мәліметтерді тәжіриебе жүргізу жолымен зерттеп, талқылауға салады.
б)кейбір тәжірибелік білім салалары ғылыми таңдауды қажет етпейді.
Сот сарапшысының құқықтары
Сот сарапшысының құқықтары
Сот сараптамасының нысанына қатысты іс материалдарымен танысуға;
2. Қортынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге;
3. Қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның лауазымды адамның рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырыстарына қатысуға және оларға қатысушыға адамдарға сот сараптамасының нысанына қатысты сұрақтар қоюға;
4. Өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты оларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға;