ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫ
ЕЛДЕРІнІҢ (ИРАн, БАӘ),
МОҢҒОЛИЯНЫҢ,
АУҒАНСТАННЫҢ
САУДАЛЫҚ-КӨЛІКТІК
ЖЕЛІЛЕРІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі
НҰСҚАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
«ЭКСПОРТТАУШЫҒА КӨМЕК»:
«ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ (ИРАН,
БАӘ), МОҢҒОЛИЯНЫҢ, АУҒАНСТАННЫҢ
САУДАЛЫҚ-КӨЛІКТІК ЖЕЛІЛЕРІ»
«KAZNEX INVEST»
«Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ
Астана қ., 2015 ж.
ЭКСПОРТТАУШЫҒА КӨМЕК
2
Құрметті оқырмандар!
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық
агенттігі Қазақстан Республикасының «инвестициялар және даму
Министрлігінің тапсырысына сәйкес «Экспорттаушыға көмек»
нұсқаулық материалдар топтамасының шығарылымын жалғастыруда.
Нұсқаулық материалдар мақсаты – сыртқы экономикалық
қызметті жүргізу мәселелері бойынша қазақстандық кәсіпорындар
мамандарының тәжірибелік білімін дамыту және жоғарылату болып
табылады.
Нұсқаулық материалдар оқырманға экспортқа қатысты сан алуан
салаларда туындайтын түсініктемелер мен сұрақтарға жауабын таба
алатын қарапайым және түсінікті тілде жазылған, басылымдар болып
табылады.
Ағымдағы жылда басылымдардың жеті тақырыбы анықталды:
1. ЕАЭО елдеріндегі бәсекелік саясат ерекшеліктері;
2. ДСҰ-да сауда дауларды шешу;
3. Ұлттық тамақ өнімдерін Еуропаға экспорттау;
4. Өнеркәсіптік өнімдерді ЕО мемлекеттеріне экспорттау;
5. Парсы шығанағы елдерінің (Иран, БАӘ), Моңғолияның,
Ауғанстанның саудалық-көліктік желілері;
6. ЕАЭО-дағы қаптауға, таңбалауға және затбелгі жапсыруға
қойылатын талаптар;
7. Қазақстандағы Халықаралық АТА жүйесі. Жеңілдетілген енгізу-
шығару жүйесі: экспорттаушының жаңа мүмкіндіктері.
Әр басылым тақырыбы бүгінгі күні Қазақстанның бастаушы және
әрекет етуші экспорттаушыларын қызықтыратын мәселелердің
өзектілігі негізінде анықталды.
Нұсқаулық материалдар тегін таратылады. Сіз электронды
форматтағы басылымдарды «KAZNEX INVEST»
www.kaznexinvest.kz
,
сайтынан немесе экспортшылардың өңдеуші салалар және шетел
сатып алушылар www.export.gov.kz порталынан таба аласыз.
Нұсқаулық материалдар бизнес тілектестігі негізінде дайындалады,
осыған орай Сіз төменде көрсетілген сілтеме бойынша сауалнаманы
толтырып, өз пікіріңізді ұсына аласыз:
http://www.export.gov.kz/ru/
material/list
.
ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ (ИРАН, БАӘ), МОҢҒОЛИЯНЫҢ, АУҒАНСТАННЫҢ
САУДАЛЫҚ-КӨЛІКТІК ЖЕЛІЛЕРІ
3
КІРІСПЕ
...............................................................................................................................4
I. ЖҮК ТАСЫМАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША КӨЛІКТІК
ЛОГИСТИКА
...................................................................................................................5
1. Көлік түрін таңдау ..............................................................................................5
1.1. Темір жол бойынша жүк тасымалдау .............................................. 7
1.2. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ........................................ 8
1.3. Әуе жолы көлігімен жүк тасымалдау .............................................. 9
1.4. Теңіз көлігімен жүк тасымалдау .......................................................10
1.5. Мультимодальді көлікпен жүк тасымалдау ................................12
1.6. Тауар-жөнелтпе құжаттар ...................................................................15
2. Экспедиторды таңдау ....................................................................................16
3. Темір жол көлігімен жүк тасымалын ұйымдастыру бойынша
көліктік логистика ...............................................................................................17
II. САУДАЛЫҚ-КӨЛІКТІК ЖЕЛІЛЕРІНЕ ШОЛУ
..............................................20
1. Парсы шығанағының елдері ......................................................................20
2. Ауғанстан .............................................................................................................34
3. Моңғолия .............................................................................................................38
III. ҚАЗАҚСТАН, ҚЫРҒЫЗСТАН, ТҮРКІМЕНСТАН, ӨЗБЕКСТАН
КӨЛІКТІК КЕШЕНІНІҢ ЕЛДЕРІНЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ
................................42
Косымшалар
.................................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер тізімі
..........................................................................52
Мазмұны
ЭКСПОРТТАУШЫҒА КӨМЕК
4
КІРІСПЕ
Қазақстанның орасан зор аумағында өндірістік күштердің
геостратегиялық орналасуы және шоғырлануы біздің экономиканың
көліктік жүйенің даму деңгейінен тәуелділігін негіздейді. Басқа
мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өндірілетін өнімдердің
жүк-сыйымдығы жоғары, және отандық өнімдердің өздік құнында
елеулі үлес көліктік шығындарға тиесілі.
Жыл сайын Азия-Тынық мұхиты аймағының елдері бағытында
Қазақстанның аумағы бойынша батыстан шығысқа, солтүстіктен
оңтүстікке өтетін трансконтиненттік көліктік дәліздерді дамыту
қажеттілігі, әсіресе біздің республика үшін, шығындардың елеулі
төмендетілуіне және тауарларды тасымалдау мерзімдерінің
қысқаруына байланысты, өскелең артуда.
Қазақстан өзінің аумағы бойынша өтетін көліктік дәліздерді тиімді
пайдалану үшін халықалық стандарттарға сәйкес инфрақұрылым
жетілдіруде, халықаралық мультимодальді тасымалдардың орындалу
тиімділігі жоғарылауда. Сонымен қатар, клиенттерді кедендік
ресімдердің жылдам жүргізілуін қамтитын кешенді қызмет көрсету
жүйесімен қамтамасыз етуге қабілетті, жүктердің кедендік өңделуі
қамтылған мамандандырылған терминалдық кешендерді
1
құру абзал
міндеттердің біріне айналуда.
Осы нұсқамалық материал қазақстандық тауарларды Ауғанстанға,
Моңғолияға, БАӘ және Иранға жеткізудің ең оңтайлы саудалық-
көліктік желілеріне шолуды ұсынады. Экспорттық жүк жөнелту
ұйымының ұсынылған сипаттамасы және әр түрлі көлік түрлерімен
осы елдерге жүк жеткізудің мерзімдерін және құнын есептеу
мысалдары қазақстандық экспорттаушыларға шетелдік нарықтарға
жүктің жеткізілуін ұйымдастыру кезінде экономикалық негізделген
шешімдер таңдауға көмектеседі.
1
Терминалдық кешен - жүктерді ашық және жабық қоймаларға орналастыруға арналған
бөлме.
ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ (ИРАН, БАӘ), МОҢҒОЛИЯНЫҢ, АУҒАНСТАННЫҢ
САУДАЛЫҚ-КӨЛІКТІК ЖЕЛІЛЕРІ
5
I. ЖҮК ТАСЫМАЛЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША КӨЛІКТІК
ЛОГИСТИКА
Көліктік-логистикалық қамтамасыз ету механизмі, өндіріс және
сауда кәсіпорындарының тауарларды тиымды бөлуіндегі қажеттілігін
толық қамтамасыз ету мақсатында, оңтайлы әдістер мен тәсілдерді
қолдану арқылы, өнімді жоспарлау, ұйымдастыру және өндіру
орнынан, тұтыну орнына дейін жеткізуді қамтамасыз ету, жеткізіп
беруге қажетті құжаттарды рәсімдеу, көлік кәсіпорындарымен
тасымалдау туралы келісім жасау, жүкті тиеп-түсіру жұмыстарын
ұйымдастыру және жүргізу, сақтау, сақтандыру мен кедендік
қызметтері бойынша кызметтер көрсету болып табылады.
Көліктік логистикада барлық логистикалық тізбектің тұрақты
жұмысына ықпал тигізетін бірқатар стратегиялық шешімдер бар.
Осындай шешімдердің негізгі бөлігі қамтиды:
• Көлік түрін таңдау;
• Тасымалдаушыны таңдау;
• Желіні таңдау.
1. Көлік түрін таңдау
Көлік, логистиканың ажырамайтын бөлігі сияқты, ол логистикаға
бөлінген шығындардың елу пайызы маңында тұтынады. Ол, көптеген
логистикалық процесстеріне қатысады, сондықтан барлық көлік
процесстеріне қатысушылардың арасындағы өзара келісімді талап
етеді. Қолданыста жүк жеткізудің негізгі бес түрі бар:
1.1. Темір жолы;
1.2. Автокөлік;
1.3. Авиациялық;
1.4. Теңіз;
1.5. Мультимодальді.
Жүк жеткізу әдісін таңдау кезінде экспорттаушы көптеген
критерийлерді басшылыққа алу керек. Олардың ішіндегі ең
салмақтылары – бұл жылдамдық, сенімділік және құн.
ЭКСПОРТТАУШЫҒА КӨМЕК
6
Халықаралық қатынаста көлік түрін таңдау критерийлері
қоршаған
ортаға зала
келтіруі
Саяси
Демогра-
фиялық
Геогра-
фиялық
Көлік түрін таңдау критерийлері
Экономикалық
Сыртқы экономикалық
Сыртқы шығындар
Жанама шығындар
көліктік
құрылыс
үшін аумақты
пайдалану
көліктегі
жазатайым
жағдайлар
кіреақы
төлемдерінің
минимумы
көліктік
шығындар
минимумы
тасымалдауға
және тұтынуға
қатысты
жиынтықты
шығындар
минимумы
Төмендегі кестеде көлік таңдау кезінде ескерілетін шешуші
критерийлерге қатысты жүк жөнелтушілердің арасындағы сауалнама
нәтижелері ұсынылған (мұндағы 5 – барынша тиімсіз; 1 – барынша
тиімді көлік).
Көлік түрлерін бағалау
Көлік т
үрі
Жылдамдық («есікт
ен
есікк
е дейі
н» ж
еткізу
уақыты)
Жөнелт
у жиі
лігі
(тәу
лігіне к
ест
е
бойынша)
Сенімділік (ж
еткізу
кест
елерінің сақталуы)
Тасымалдау қабілеті (әр т
үрлі ж
үкт
ер
ді
тасымалдау қабілеті)
Қол ж
етімділік (қызмет
көрсетілетін г
еогр
афия
-
лық нүкт
елер саны)
Тонна үшін құн
Темір жол
3
4
3
2
2
3
Су
4
5
4
1
4
1
Автокөлік
2
2
2
3
1
4
Құбыр-торапты
5
1
1
5
5
2
Ауалық
1
3
5
4
3
5
ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ (ИРАН, БАӘ), МОҢҒОЛИЯНЫҢ, АУҒАНСТАННЫҢ
САУДАЛЫҚ-КӨЛІКТІК ЖЕЛІЛЕРІ
7
1.1. Темір жол бойынша жүк тасымалдау
Темір жол көлігімен тасымалдау барынша сенімді болып табылады.
Жаппай жүк тасымалдау кезінде - бәсекелестері жоқ (құбыр-торапты
әдісті қоспағанда).
Темір жол көлігімен халықаралық тасымалдарды жүзеге асырған
кезде ұлттық заңнаманың құқықтық нормалары
2
және халықаралық
құқық нормалары (конвенциялар, келісімдер және т.б.) қолданылады.
Осылайша, Еуразия құрылғында темір жол көлігінде жүк тасымалдау
шарты ХЖҚК темір жол жүкқұжаты болып табылады, ол құрамына
30 ел, соның ішінде Қазақстан, Иран, Ауғанстан, Моңғолия,
Түркіменстан, Өзбекстан кіретін, Темір жол ынтымақтастығының
ұйымы (ТЖЫҰ)
3
бірыңғай темір жол тасымалдары жүйесінің негізгі
заңды құжаты болып табылады.
Темір жол бойынша жүктерді тасымалдау құнын Сізге, өзінің
қызметтерін қоса (темір жол тарифінің құнының 0,8 бастап 4%
дейін), экспедитор есептеп береді. Экспедиторлық компаниялар
темір жол тасымалдарының құнын арнайы «RAIL-ТАРИФ» (
www.
ctm.ru
), «ТМ КАРТА» (www.tmkarta.com), «Aльта coфт» (
www.alta.ru
)
бағдарламаларын қолданып есептейді.
Темір жол бойынша жүктерді тасымалдау үшін жүк түріне
байланысты санаты және жүк көтергіштігі әр түрлі вагондар
қолданылады.
Вагондар түрі және жүк көтергіштігі
№
Вагон түрі
Жүк тізімдемесі
Жүк
көтер-
гіштігі
(тонна)
1 4-білікті жабық
вагон-хоппер
астық және басқа тағамдық
сусымалы өнімдер
71
2
4-білікті жабық вагон
(металл жиектемелі
қабырғамен)
атмосфералық жауын-
шашыннан қорғанысты талап
ететін, таралық-даналық
жүктер, астық және кең
сұрыпталымды басқа жүктер
66
2
Негізінен тарасыз, қаптамасыз тасымалданатын жүктер: құймалы (мұнай, өсімдік майлары,
спирттер), ақтарылмалы (кен, кен концентраттары, тыңайтқыштар), үймелі (астық, шикі қант), т.б.
3
ТЖЫҰ туралы толығырақ ақпаратты келесі сайтта табуға болады: www.osjd.org
ЭКСПОРТТАУШЫҒА КӨМЕК
8
№
Вагон түрі
Жүк тізімдемесі
Жүк
көтер-
гіштігі
(тонна)
3
Керең жиектемелі
қабырғалары бар,
4-білікті тұтас
металды жартывагон
атмосфералық жауын-
шашыннан қорғанысты талап
етпейтін, сусымалы, ірі тілімді,
таралық-даналық және басқа
жүктер
70
4 Металл борттары бар
4-білікті платформа
атмосфералық жауын-
шашыннан қорғанысты талап
етпейтін, доңғалақты және
шынжыр табанды машиналар,
жабдық және басқа жүктер
70
5
Көп тонналы контей-
нерлерге арналған
4-білікті платформа
брутто салмағы 10, 20 және
30 тонна болатын типтік көп
тонналы контейнерлер
60
6
Ашық мұнай
өнімдеріне арналған
4-білікті цистерна
ашық мұнай өнімдері
68
7
Бензин мен мұнайға
арналған 4-білікті
цистерна
бензин, мұнай
50
8 Ұнға арналған
4-білікті вагон
ұнды тарасыз тасымалдау
52
Сонымен қатар, темір жол бойынша, қауіпті және жылдам
бүлінетін жүктерді қоса алғанда, сан алуан жүк тізімдесіне арналған
вагондар тасымалданады.
1.2. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау
Халықаралық автомобильді тасымалдар 22.11.2004 жылғы №478-
1 ҚР ККМ Бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жүктерді
тасымалдау ережелерінің» талаптарын, сонымен қатар халықаралық
қатынаста автомобильді тасымалдардың жүзеге асырылуын
регламенттейтін басқа нормативтік құқықтық актілерді және сәйкес
халықаралық келісімшарттарды сақтаумен жүзеге асырылады.
Автомобиль көлігімен жүктер тасымалын ұйымдастыру кезінде
қолданылатын негізгі халықаралық құжаттардың бірі Халықаралық
ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ (ИРАН, БАӘ), МОҢҒОЛИЯНЫҢ, АУҒАНСТАННЫҢ
САУДАЛЫҚ-КӨЛІКТІК ЖЕЛІЛЕРІ
9
жүктердің жол тасымалының келісімшарты туралы конвенция (ЖТКК
немесе CMR)
4
болып табылады. Осы Конвенция әрекетінің аясындағы
тасымалдауға қатысты келісімшарт CMR халықаралық тауарлық-
көліктік жүкқұжаты болып табылады.
Жүктер тасымалы келісімшарт негізінде жүзеге асырылады,
оған сәйкес «тасымалдаушы оған жөнелтушілермен табысталған
жүкті оны тасымалдау шарттарын сақтаумен тағайындалған жерге
сақтаулы күйінде жеткізіп, оны жүк қабылдауға өкілетті тұлғаға (жүк
қабылдаушыға) табыстауға міндеттенеді
5
.
СМR жүкқұжатымен қатар, тауарлық-көліктік құжаттамаға келесі
құжаттар қоса тіркеледі:
• сыртқы экономикалық мәміленің жасалуын, тауарларды
иелену, қолдану және (немесе) пайдалану құқығын растайтын
құжаттар;
• ұйым мөрімен куәландырылған экспорттық шарттың, соның
ішінде толық сомадағы шартқа қатысты бас сипаттама құжаттың,
жеткізуге қатысты сипаттама құжаттың (болған кезде) көшірмесі;
• мерзімдерді ұзарту, соманы өзгерту туралы шартқа қатысты
қосымшалар.
1.3. Әуе жолы көлігімен жүк тасымалдау
Орталық Азия аймағының елдерінде әуе жолы көлігінің қызметі
Монреаль (1999ж.), Варшава (1929ж.) және Гвадалахар (1961ж.)
конвенцияларымен, сонымен қатар Гаага (1955ж.) және Монреаль
(1975ж.) хаттамаларымен қатаң реттеледі.
Халықаралық әуе жолымен жүк тасымалын ұйымдастыру
экспедиторға жөнелту және жеткізу жері, жүктің салмағы, өлшемдері
және тасымалдау шарттары туралы нұсқаулар көрсетілген,
толтырылған өтінімді ұсынудан басталады. Бастапқы ақпаратты
алып, экспедитор аталған жүкті желілер бойынша мерзімінде
жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат жинау мақсатында әр түрлі
авиатасымалдаушыларға
жүгінеді,
авиатасымалдаушылардың
тарифтерін салыстырады.
Клиентпен жеткізу шарттарын келістіріп және тасымал
келісімшартын жасасып, экспедитор белгіленген мерзімге және
рейске талап етілетін тоннажды және жүк орнын брондап қояды.
4
Қазақстан Республикасы Халықаралық жүктердің жол тасымалының келісімшарты туралы
конвенцияға 12.05.1995 жылы қосылды.
5
Дереккөз: 2010 жылдың 8 желтоқсанындағы № 266-II «Темір жол туралы» ҚР заңы.
ЭКСПОРТТАУШЫҒА КӨМЕК
10
Тоннажды брондауға қатысты жөнелтушінің өтінімі келесі
мәліметтерді қамтиды:
• жүк атауы, орындар саны, жалпы салмағы, көлемі (тоннаж);
• әр орын өлшемі;
• жөнелту желісі, рейсі және күні;
• тасымалдың төленуіне кепілдік беретін құжаттың атауы және
нөмірі;
• тасымалдау және сақтау кезіндегі арнайы шарттарды және
сақтық шараларын талап ететін жүктің айрықша қасиеттері.
Жүкті тасымалдауға қабылдаған кезде авиатасымалдаушы
жөнелтушіге «авиажүкқұжат» («airwaybill» немесе AWB)
табыстайды.
Тасымал келісімшарты AWB қол қойған сәттен бастап күшіне еніп,
жүкті қабылдаушыға жеткізгеннен кейін орындалған болып саналады.
Тасымал
құжаттарының
ресімделуін
және
жүктің
авиатасымалдаушының қоймасына жеткізілуін жүк жөнелтуші
өздігінен жүргізуі мүмкін немесе экспедиторға тапсыруы мүмкін.
Әуе жолы көлігімен тасымалдауға қатысты тарифтер «The
AirCargoTariff» (ТАСТ)
6
мамандандырылған үш томдық
анықтамасында жарияланатын IАТА ұсыныстарына сәйкес
белгіленеді.
1.4. Теңіз көлігімен жүк тасымалдау
Қазақстандық жүктердің теңіз көлігімен тасымалдануы тек кейбір
желілер бөлігінде және негізінен темір жол көлігінің қатысуымен,
аралас қатынаста қолданылады.
Теңіз тасымалының әлсіз жақтары – баяу жылдамдық және ауа-
райы, климаттық және навигациялық жағдайлардан тәуелділік.
Теңіз жолымен жүктің халықаралық тасымалдарын ұйымдастыру
үшін келесі нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу керек:
• «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» заң;
• Теңіз көлігімен жүк тасымалдау туралы БҰҰ конвенциясы;
• Брюссель коносамент туралы конвенциясы
7
;
6
ТАСТ – дүние жүзі бойынша жүзден астам авиакомпаниялар, соның ішінде
авиатасымалдаушылар, авиаагенттіктер, жүк агенттіктері, экспедиторлар, әуежайлар және кедендік
қызметтер пайдаланатын, жүк тарифтері бойынша жалпы танылған нұсқаулық болып табылады.
7
Брюссель коносамент туралы конвенциясы Қазақстанмен бекітілмеген.
ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫ ЕЛДЕРІНІҢ (ИРАН, БАӘ), МОҢҒОЛИЯНЫҢ, АУҒАНСТАННЫҢ
САУДАЛЫҚ-КӨЛІКТІК ЖЕЛІЛЕРІ
11
• Incoterms
8
(International commerce terms) – сыртқы сауда
саласындағы саудалық терминдерді түсіндіру бойынша халықаралық
ережелер.
Теңіз көлігімен жүк тасымалдау кезінде Теңіз жолымен жүк
тасымалдау келісімшарты ресімделеді. Теңіз көлігімен тасымалдау
ресімдерін жеңілдету, рационалдау және келістіру мақсатында, жүкті
ресімдеу кезінде тасымал шарты және коносамент
9
қолданылады.
Теңіз коносаменті (bill of lading) –
тасымалдаушымен
жөнелтушіге
берілетін,
тасымал
келісімшартының жасалуының фактісін растайтын және
жөнелтілген тауарлар бойынша несиелік қамсыздандыру
бола алатын тауарлық-жолдама құжат. Айтып өтерлік жәйт,
коносамент теңіз жолымен халықаралық жүк тасымалын
құжаттамалық ресімдеу тәртібінде орталық орынды иеленеді.
Жүйелі рейстерде жүк салмағына байланысты тариф орнатылады.
Контейнерлерді, жылдам бүлінетін және қауіпті жүктерді тасымалдау
үшін арнайы тариф қолданылады. Вагондарда және контейнерлерде
тасымалдау кезінде мөлшерлемелер жылжымалы құрам алатын
орын ауданы бойынша есептелуі мүмкін.
Жүйелі емес рейстердегі тасымалдар құны тұрақты емес және
тасымалдаушымен экономикалық тиімділік негізінде анықталады.
Жүк тасымалы үшін негізгі төлеммен қатар, тасымал құнына жүкті
бортқа орналастыру бойынша шығындар қосылады: вагонды жүктеу-
түсіру, контейнерді жүктеу-түсіру, жер үсті көлік құралдарынан
немесе қоймадан кемеге жүктеу. Сонымен қатар жүктерді қоймаға
қайта жүктеу және оны сақтау бойынша шығындар қосылуы мүмкін
(егер жүктеу қойма арқылы жүзеге асырылса).
Жүкті көп тоннаждық контейнерлерде тасымалдау
ұсынылады, себебі олар таңдалған көлік түрінен тәуелсіз
тауардың максималды сақталуын қамтамасыз етеді.
8
Incoterms барлық көлік түрлерімен жеткізілетін экспорттық (және импорттық) тауарлар
жеткізілімін жүзеге асыру кезінде қолданылады.
9
Дереккөз:
http://tfig.unece.org/RUS/ contents/unece-uncefact-recommendations.htm
.
Достарыңызбен бөлісу: |