Қазақстан Республикасының Жер кодексi 1-бап



бет51/58
Дата24.11.2022
өлшемі0,92 Mb.
#52296
түріКодекс
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn zher kodeksi

153-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызметтің мазмұны
1. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргізу мынадай қызмет түрлерін:
1) жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
2) жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бағалауды жүргізуді қамтитын жерлердің сапасын есепке алуды;
3) мемлекеттік тіркеу мақсаттары үшін жердің көлемін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
4) мыналарды: жер учаскелерiнің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды; елді мекендерде жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелерi үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерінің есебін; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi ысырапты анықтауды қамтитын жерді мемлекеттік кадастрлық бағалауды;
5) жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда жинақтауды, өңдеуді және жүргізуді;
6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізуді;
7) жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындауды және жүргізуді;
8) жер-кадастрлық кітапты және жердің бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізуді;
9) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындауды және беруді;
9-1) жер-кадастрлық жоспар әзірлеуді;
10) жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруді;
11) жер учаскелерінің паспорттарын дайындауды қамтиды.
2. Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты қызметке:
1) жергілікті жерде әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгiлеу;
2) жер пайдалануды қалыптастыру мен ретке келтіру жөнiндегi жобаларды, бүлiнген жердi рекультивациялау жобаларын жасау, жергілікті жерде жер учаскелерінің шекараларын белгiлеу;
3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшiн жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылық iшiндегi жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;
4) жерді түгендеуді жүргізу жатады.
Ескерту. 153-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет