Қазақстан Республикасының Жер кодексi 1-бап



бет53/58
Дата24.11.2022
өлшемі0,92 Mb.
#52296
түріКодекс
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn zher kodeksi

156-бап. Жер-кадастр құжаттамасы
1. Жер-кадастр құжаттамасы есепке алудың барлық деңгейлерiнде: базалық, мезгiл-мезгiл жаңартылатын және жыл сайын жасалатын құжаттаманы қамтиды.
2. Базалық жер-кадастр құжаттамасына:
1) жер-кадастр iстерi;
2) жер-кадастр кiтабы;
3) жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмi;
4) жер-кадастр карталары жатады.
3. Жер кадастр құжаттамасының құрылымын, құрамын, мазмұны мен нысандарын, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн орталық уәкiлеттi орган бекiтедi.
Ескерту. 156-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

157-бап. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбi
1. Мемлекеттiк жер кадастры қағазға түсiрiлiп жүргiзiледi және ақпаратты жинақтаудың, өңдеу мен сақтаудың электрондық жүйелерiн пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.
2. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
158-бап. Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану

1. Белгiлi бiр жер учаскесi туралы мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерi үзiндi түрiнде берiледi.


2. Мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн құжаттау қағазға түсiрiлiп және электрондық тасығыштарда жүзеге асырылады. Қағазға жазылған мәлiметтер мен электрондық тасығыштарда жазылған мәлiметтер арасында алшақтықтар болған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, қағазға түсiрiлген мәлiметтер басымдыққа ие болады.
3. Жер учаскелерi туралы кадастр мәлiметтерi жер-кадастр карталарымен арақатынаста болады.
4. Алып тасталды - ҚР 2006.01.10 № 116 Заңымен.
5. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, Мемлекеттік корпорация және лауазымды адамдар жер-кадастрлық құжаттамаға енгiзiлетiн мәлiметтердiң анықтығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
6. Жер кадастрының мемлекеттiк құпия мен өзге де шектеулердi қамтымайтын мәлiметтерi баршаға қолжетiмдi болып табылады және мүдделi жеке және заңды тұлғаларға ақылы негiзде берiледi. Жер кадастрының мәлiметтерiн мемлекеттiк органдарға беру ақысыз негiзде осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Осындай ақпаратты беру мерзімі өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Ескерту. 158-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10 № 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет