Қазақстан Республикасының Жоғарғы білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата15.12.2023
өлшемі22,43 Kb.
#139549
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Баяндама

Мектептен тыс жұмыс - мектептен тыс мекемелерде оқушылардың әр жақты мәдени қызығушылықтары мен сұраныстарын қанағаттандыру, олардың дербестігі мен шығармашылық қабілетін дамыту, бос уақытын саналы ұйымдастыру мақсатымен жүргізетін білім беру - тәрбие сабақтары және мәдени- ағартушылық бұқаралық шаралар. Н.К.Крупская мектептен тыс жұмыс жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде: «коммунистік тәрбие белгілі бір сағаттарда жүргізіліп қана қоймайды. Балалардың бар өмірін олардан нағыз коммунистерді өсіру үшін бағыттау қажет»-дейді. Тәрбие беруде каникул да, демалыс күндері де болмайтыны белгілі. Ол барлық уакытта және барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен, сабақпен шектеуге болмайды. Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыруға, олардың сезімдерін дамытуға деген бейтарап уакыт жоқ.
Сабақтар соңынан мектеп оқушыларына өздігінен, көбінесе қалауымен әр түрлі қиын мәселелерді шешуге, сабақтарды дайындауға, өзі қажетті білімдердің ерекше бір қызықты саласымен тереңірек шұғылдануға, қоғамдық тапсырмаларды орындауға, ата-аналарға шаруашылық жағынан көмектесуге және т.б. тура келеді. Мектептегі әрбір оқушы қызықты істің бірімен шұғылдануға, клубқа, үйірмеге белсенді мүше болып, мектептегі, оқушылар сарайындағы және т.б. түрлі істер мен ойындарды ұйымдастыруы және оған қатысуы қажет. Ғылыми-зерттеу институттарының, мекемелердің түрлі тапсырмаларын орындай отырып, тәжірибемен техникалық шығармашылығымен шұғылданып, өлке тану жорықтарына, спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар ісіне қатыса отырып, балалар білімге, кітапқа жаңаша қызығатын болады. Мектептен тыс мекемелердегi балалар саны жылдан-жылға көбейюде. Ал бұл, балалардың сабақтан бос уақытта сүйiктi жұмысымен айналысатының бiлдiредi. Сонымен, мектептен тыс мекемелер тек дамыту, тәрбиелеу ғана емес сондай-ақ алдын-алу функциясын атқарады. Мектептің тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі − мектептен тыс жүргізілетін жұмыстар болып есептеледі. Оқушылардың пән сабақтарында меңгерген білімдерін, үлгі-өнегелерін мектептен тыс уақытта жүргізілген жұмыстарда пайдалану қоғамдық еңбекпен айналысуға ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен ықпалын тигізеді. Мектептен тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.
Қорытындылай келе, оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құралы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде ұйымдастыру, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.


Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қалиұлы Серғазы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы, 2003.
2. Сабиров Т. С. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. – Алматы, 1999.
3. Кәрімбаев Нұрсұлтан Жастарға жол нұсқайтын кітап // – Егеменді Қазақстан. 2007. 26 .01
4. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы. 1996.
5. Қоқымбаева Т. Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі халық педагогикасының маңызы. - Мектептегі психология. 2007 №1.
6. Жарықбаев Қ. Б., Қазақтың тәлім – тәрбиелік ой – пікір антологиясы. – Алматы, 1998.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет