Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі



бет36/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

152-бап. Тексеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі

Ескерту. 152-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша:


1) тексеру нәтижелері туралы акт;


2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.


Тексеру нәтижелерi туралы актiде:


1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;


2) бақылау және қадағалау органының атауы;


3) негiзге алынып тексеру жүргiзiлген тексерудi тағайындау туралы актінің жасалған күнi мен нөмiрi;


4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;


5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;


6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;


7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;


8) тексеру парағының атауы және бұзушылық анықталған талаптардың тармақтары;


9) тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;


10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетiледi.


Тексеру нәтижелері туралы актіге:


1) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама не "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген өзге де құжат;


2) өнімдердің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу, қоршаған орта объектілерін зерттеп-қарау актілері, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері – олар болған кезде қоса беріледі.


Жүргізілу барысында тексеру парақтарының талаптарын бұзушылықтар анықталған тексеру нәтижелері туралы әрбір акт бойынша бір ғана нұсқама берілуі мүмкін.


Нұсқама осы Кодекстің 152-1-бабының 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес жасалады.


Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері туралы актіні (хабарламаларды) қоспағанда, тексеру тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.


2. Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкiлдерi ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.


Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы актiге қоса берiледi, бұл туралы тиiстi белгi жасалады.


3. Тексеру нәтижелері туралы акт және нұсқама үш данада жасалады.


Бақылау және қадағалау органы тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырады, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда беріледі, үшінші данасы бақылау және қадағалау органында қалады.


Электрондық нысандағы тексеру нәтижелері туралы актіге және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға бақылау және қадағалау субъектісі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіндегі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.


Электрондық нысанда қалыптастырылған тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісінің таңдауы бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы немесе құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелері арқылы беріледі.


Электрондық нысанда қалыптастырылған тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына да жіберіледі.


4. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен тексеру жүргізген мемлекеттік органға жүгінуге құқылы.


Өтініште бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.


Тексеру жүргізген мемлекеттік орган өтініште жазылған дәлелдерді ескере отырып, үш жұмыс күні ішінде, бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.


5. Тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабын жүргiзуге құқығы бар. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабында тегiн, лауазымдарын және актiде баяндалған деректердi көрсете отырып, жүргiзiлетін әрекеттер туралы жазба жасауға мiндеттi.


6. Бухгалтерлiк және өзге де төлнұсқа құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.


Төлнұсқа құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi.


7. Тексеру жүргiзiлген кезде осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда, тексеру нәтижелерi жөнiндегi актiге тиiстi жазба жасалады.


8. Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы акт тексерiлетiн субъектiге тапсырылған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.


9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты нұсқамада белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына беруге міндетті.


10. Бақылау және қадағалау субъектісі тексеру нәтижесінде анықталған, тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарында айқындалған елеулі және елеусіз бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда, бақылау және қадағалау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау және қадағалау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.


Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салуды алғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектісі үш жұмыс күні ішінде тиісті ақпаратты бақылау және қадағалау органына беруге міндетті.


Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес ақпарат берілмеген жағдайда бақылау және қадағалау органы осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.


Ескерту. 152-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

152-1-бапты алып тастау көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет