Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі



бет32/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

147-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі

1. Бақылау және қадағалау органы тексеру басталатын күн мен тексеруді жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру жүргізудің басталатыны туралы ол басталғанға дейін кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.


Осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 2-1), 3), 3-1) және 6) тармақшаларында, 144-бабы 3-тармағының 3), 3-1), 4), 9), 10) және 13) тармақшаларында, 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезiнде бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы олар басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын бақылау және қадағалау субъектісіне хабарлауға міндетті.


Бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталатыны туралы хабарламаны қолма-қол табыс етеді, табыс ету туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер субъект бұрын электрондық пошта мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау және қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына немесе өзге қолжетімді тәсілмен жібереді.


Осы тармақтың күші вакциналар әкелуді, сапасы мен қауіпсіздігіне сараптаманы, сатып алуды жүзеге асыратын субъектілерге қатысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында жүргізілетін тексерулерге қолданылмайды.


2. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.


Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтарды тікелей жасау кезінде олардың жолын кесу қажеттілігіне қарай жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.


3. Бақылау және қадағалау органының объектіге тексеру немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау үшін келген лауазымды адамдары бақылау және қадағалау субъектісіне:


1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тiркелгенi туралы белгі қойылған тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi;


2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;


3) қажет болған кезде – құзыретті органның режимдi объектілерге баруға арналған рұқсатын;


4) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен берiлген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.


Бақылау және қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні табыс ету, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісін тексеруге және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауға жататын талаптардың тармақтары көрсетілген тексеру парағымен таныстыру күні тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің басталуы деп есептеледі.


4. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi қабылдаудан, тексеру парағымен танысудан бас тартылған, сондай-ақ бақылау және қадағалау органының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзу үшін қажетті материалдарға қол жеткiзуiне кедергі келтiрiлген жағдайларда хаттама жасалады. Хаттамаға бақылау және қадағалау органының тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамы және заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.


Заңды тұлғаның басшысы не оның уәкілетті адамы, жеке тұлға бас тарту себебіне жазбаша түсiнiктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексерудi немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізбеуге негіз болып табылмайды.


5. Тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізе алады. Бұл ретте тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешiмi бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау және қадағалау субъектісі және құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті орган тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін ауыстыру себебі көрсетіле отырып хабардар етiледi.


6. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды бір мезгілде бірнеше бақылау және қадағалау органдарының жүргізуі қажет болған кезде осы органдардың әрқайсысы бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркеуге міндетті.


Нақ сол мәселелер шеңбері бойынша бірнеше бақылау және қадағалау субъектісіне бір мезгілде бір бақылау және қадағалау органының тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуі қажет болған кезде мынадай:


1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;


2) бақылау-касса машиналарының болуы;


3) сәйкестендіру құралдары мен есепке алу-бақылау маркаларының болуы және олардың төлнұсқалылығы;


4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттардың болуы және олардың төлнұсқалылығы;


5) лицензияның болуы;


6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы;


7) көліктік бақылау немесе ішкі істер органдарының бекеттерінде автокөлік құралдарын тексеру кезінде импортталатын тауарларға тауар-көлік жүкқұжаттарының болуы және тауарлар атауының тауар-көлік жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі;


8) Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды әкеткен кезде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген құжаттардың болуы және тауарлардың құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі мәселелері бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексеруді қоспағанда, осы орган әрбір бақылау және қадағалау субъектісіне тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiнi ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тіркеуге мiндеттi.


Ескерту. 147-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

148-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет