V тарау § 28 177. Мемлекеттік биліктің бірлігін, жоғарылығын және дербестігін айқындайтын мемлекеттің мәні:
А) отар мемлекет
В) жартылай отар мемлекет
С) егемендік
Д) территориялық тәуелділік [С] 104-бет
178. «Қ.Р өзі демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны» қандай мемлекеттік құжатта жазылған?
А) Қ.Р Егемендік туралы Декларациясында
В) Қ.Р Конституциясында
С) заңнамаларда
Д) нормативтік-құқықтық актілерде [В] 106-бет
179. Азаматтардың дін ұстануы еркіндігі мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлектігі:
А) діни мемлекет
В) құқықтық мемлекет
С) зайырлы мемлекет
Д) атеистік мемлекет [С] 106-бет
VІ тарау § 29 180. Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын қалай атаймыз?
А) әлеуметтік нормалар
В) әлеуметтік заңдар
С) нормативтік қөұжаттар
Д) заңдар [А] 110-бет
181. Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі:
А) заң
В) құқық
С) Конституция
Д) әдет-ғұрып [В] 111-бет
182. Түрлі діндердің міндеттелетін қағидалары, ережелері, салттарының атауы:
А) әдет-ғұрыптар
В) ырымдар
С) діни нормалар
Д) заңдар [С] 111-бет
183. Ұзақ уақыт бойы адамдар арасындағы қатынастарды реттеу үшін қолданылып келген сенім ережелері:
А) діни нормалар
В) заңдар
С) нормативтік актілер
Д) ғұрып нормалары [Д] 111-бет
184. Құқықтың алғашқы элементі, адамның өмірлік қызметі үдерісіндегі өздерін ұстау ережелерінің үлгісі:
А) діни нормалар
В) заңдар
С) құқық нормасы
Д) ырымдар [С] 112-бет
185. Нормативтік жарлықтар қабылдау құқығына ие:
А) Парламент
В) Сенат
С) Үкімет
Д) Президент [Д] 113-бет
186. Нормативтік қаулылар қабылдау құұығына ие:
А) президент
В) парламент
С) үкімет
Д) министрліктер [С] 113-бет
187. Нормативтік бұйрықтар қабылдау құқығына ие:
А) министрліктер
В) парламент
С) мемлекеттік органдар
Д) президент [А] 113-бет
188. Нормативтік шешімдер қабылдау құқығына ие:
А) министрліктер
В) жергілікті мемлекеттік органдар
С) парламент
Д) президент [В] 113-бет
189. Француз революциясының негізгі құжаты – «Адам мен азамат құқықтарының декларациясы» құжаты қабылданған жыл:
А) 1789 жыл
В) 1780 жыл
С) 1798 жыл
Д) 1750 жыл [А] 115-бет