ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ пәнінен тест сұрақтары мен жауаптары
1. Конституциялық құқық жүйесі өзіне мыналарды қамтиды:
A) Конституциялық құқықтың нормалары
B) Құқықтық әдет-ғұрып
C) Жалпы және ерекше бөлімдерді
D) Әділ соттылығының конституциялық қағидалары
E) Конституциялық-құқықтық нормалар, қағидалары мен институттары.
2. Белгілі теориялық принциптердің жиынтығын, логикалық әдістер мен тәсілдерін, конституциялық-құқықтың әсер ету нысандарын қолдану және конституциялық құрылыс негіздерінің, тұлғаның құқықтық дәрежесінің, мемлекет құрылымының заңдық негізін зерттеу – бұл:
A) Конституциялық құқықтың қағидалары
B) Конституциялық құқықтың әдістемесі
C) Конституциялық құқықтың жүйесі
D) Конституциялық құқықтың ғылымы
E) Конституциялық құқықтың нормасы.
3. Конституциялық құқықтың нормалардың байланысы мен өзара келісімділігін көрсететін және оларды жеке құрылымдық құқықтық институттарға бөлетін объективті құқықтық құбылыс не?
A) Конституциялық құқықтың нормасы
B) Конституциялық құқықтың әдісі
C) Конституциялық құқықтың жүйесі
D) Конституциялық құқықтың қағидасы
E) Конституциялық құқықтың пәні.
4. Қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін және конституциялық құқық саласының бөлігі болып табылатын конституциялық құқықтық нормалардың жиынтығы – бұл:
A) Конституциялық құқықтың әдісі
B) Конституциялық құқықтың пәні
C) Құқықтық институт
D) Құқықтық құбыластар
E) Заңды факт.
5. Конституциялық – құқықтық қатынастардың субъектісінің мүмкін және міндетті мінез-құлқын анықтайтын, мемлекет бекітетін және қорғайтын міндетті мінез-құлық ережесі – бұл:
A) Конституциялық құқықтың жүйесі
B) Конституциялық құқықтың әдістемесі
C) Санкция
D) Конституциялық-құқықтық нормалар
E) Конституциялық – құқықтық қағидалар.
6. Нормативтік-құқықтық актілер былайша бөлінеді:
A) Негізгі және туында
B) Негізгі және жобалы
C) Жалпы және ерекше
D) Негізгі және қосымша
E) Жалпы және жеке.
7. Дұрыс емес жауапты көрсет.Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей әдістер қолданылады:
A) Тиым салушы әдістер
B) Рұқсат етуші әдістер
C) Міндеттеуші әдістер
D) Реттеуші әдістер
E) Тану әдістері.
8. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі:
A) Территория, мемлекеттік орган
B) Мемлекет, халық, заңды тұлға
C) Азаматтардың міндеттері, қажетті мінез-құлық
D) Оқиғалар, субъектінің мінез-құлқы
E) Ұйымдар, меншік.
9. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады:
A) Территория, мемлекеттік орган
B) Ұйымдар, меншік
C) Азаматтардың міндеттері, қажетті мінез-құлық
D) Оқиғалар, субъектінің мінез-құлқы
E) Ұлт, мемлекет басшысы.
10. Конституциялық-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады:
A) Заңды факт
B) Іс-әрекет еркіндігі
C) Территория және меншік
D) Жағдай және шарттар
E) Барлығы дұрыс.
11. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар көзі болып табылады:
A) Федерация субъектілерінің заңдары
B) Конституция мен заңдар
C) Соттық прецедент
D) Құран
E) Конституциялық әдет ғұрып.
12. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар көзі болып табылады:
A) Құран
B) Конституциялық әдет – ғұрып
C) Конституция
D) Прецедент
E) Мұсылмандық құқық.
13. Төменде көрсетілген құқық салаларының қайсысы ҚР ұлттық құқық жүйесінің ядросы болып табылады:
A) Мемлекет және құқық теориясы
B) Конституциялық құқық
C) Еңбек құқығы
D) Азаматтық құқық
E) Халықаралық құқық.
14. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының конституциялық құқықтық қатынастарының объектілері:
A) Матариалдық құндылықтар
B) Жеке мүліктік емес құқықтар
C) Мемлекеттік территория
D) Адамдардың мінез-құлқы
E) Көпшілік қоғамдық қозғалыстар.
15. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Конституциялық құқықтың қайнар көзі болып табылады:
A) Конституциялық әдет-ғұрып
B) Конституция
C) Әдеттегі заңдар
D) «ҚазКССР мемлекеттік егемендігі туралы» декларация
E) Конституциялық заңдар.
16. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі болып төмендегі жеке тұлғалар табылады:
A) Азаматтар
B) Шетелдіктер
C) Бірлестіктер
D) Сайлаушылар
E) Азаматтығы жоқ тұлғалар.
17. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі:
A) Мемлекет басшысы
B) Мемлекет
C) Парламент
D) Үкімет
E) Мінез-құлық.
18. Қазақстан Республикасының Президенті келесі нормативтік-құқықтық актілерді бекітеді:
A) Үкіметтің қаулысын
B) Конституциялық Кеңестің шешімін
C) Конституциялық заңдарды
D) Сенаттың қаулысын
E) Мәжілістің қаулысын.
19. Нормативтік-құқықтық актілердің негізгі түрлеріне жататындар:
A) Регламент
B) Ереже
C) Нормативтік-бұйрықтар
D) Жағдай
E) Нұсқау.
20. Нормативтік-құқықтық актілердің негізгі түрлеріне жататындар:
A) Регламент
B) Ереже
C) Нормативтік-бұйрықтар
D) Жағдай
E) Нұсқау.
21. Нормативтік-құқықтық актілердің негізгі түріне жататындар:
A) Регламент
B) Кодекстер
C) Ереже
D) Жағдай
E) Нұсқау.
22. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының пәні болып табылады:
A) мүліктік қатынастарды реттейтін нормалар
B) мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар
C) мемлекеттік басқару аясында пайда болатын қоғамдық қатынастар
D) мемлекеттің, қоғамның құрылысының негізін, ондағы адам мен азаматтың жағдайын реттейтін қоғамдық қатынастар.
E) халық, ұлт, сайлау комиссилары.
23. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының конституциясының негізгі функциялары:
A) Саяси
B) Заңдық
C) Құрылтайшы
D) Идеологиялық
E) Заң шығарушы.
24. Қаз КСР Конституциясы қашан қабылданды:
A) 1977 жылы
B) 1934 жылы
C) 1978 жылы
D) 1993 жылы
E) 1917 жылы.
25. Қазақстан Республикасының қай Конституциясы бойынша Конституциялық сот конституциялық бақылау органы болып табылады:
A) 1993 жылы
B) 1978 жылы
C) 1977 жылы
D) 1995 жылы
E) 1991 жылы.
26. 1995 жылғы Конституция құрылымы бойынша келесілерден құрылады:
A) Преамбула және өтпелі ережелерден
B) Преамбула және 7 тараудан
C) Преамбула, негізгі, өтпелі ережелерден және қорытынды бөлімнен
D) 8 бөлімнен
E) 10 бөлімнен, қорытынды және өтпелі ережелерден.
27. Қазақстан Республикасында биліктің жалғыз қайнар көзі және субъектісі болып табылады:
A) Азамат
B) Халық
C) Адам
D) Демократия
E) Өзін-өзі басқару.
28. Тікелей демократия мына нысанда іске асады:
A) Заң шығару бастамасында
B) Өзін-өзі басқару
C) Шешім
D) Референдум
E) Парламент.
29. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Егеменді мемлекеттің негізгі белгілері:
A) Бір азаматтық
B) Мемлекеттік территориясының болуы
C) Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесі
D) Мемлекеттік биліктің жоғары болуы
E) Субъектілер арасында биліктің қатаң болуы.
30. Конституцияның негізгі заңдық қасиеттері:
A) Конституцияның жоғары тұруы
B) Жоғары заңдық күші
C) Құқықтық жүйенің ядросы
D) Ерекше қабылдау тәртібі
E) Құрылтайшылық сипаты.
31. Қоғамдық және мемлекеттік құрылымының маңызды қағидаларын анықтайтын және ағымдағы заңның заңдық базасы болып табылатын бірегей жүйелі саяси-құқықтық акт:
A) Заңдар
B) Саяси дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар
C) Конституция
D) Соттық прецедент
E) Декларация.
32. ҚР Конституциясы қанша тараудан тұрады:
A) Конституция тарауларға бөлінбейді
B) 9
C) 10
D) 15
E) 12.
33. ҚР Конституциясымен меншіктің қандай нысандары танылады және қорғалады:
A) мемлекеттік және жеке
B) жеке және ұжымдық
C) кооперативтік
D) мемлекеттік
E) ұжымдық және мемлекеттік.
34. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңес мүшелерінің өкілеттілігі неше жыл:
A) 5 жыл
B) 4 жыл
C) 6 жыл
D) 7 жыл
E) Өмірлік.
35. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі:
A) Конституция нормаларына ресми түсінік береді
B) Амнистия туралы акт шығарады
C) Азаматтардың кешірімін жүзеге асырады
D) Конституцияға қайшы келетін заңдарды тоқтатады немесе жояды
E) Кешірім беру туралы мәселені шешеді.
36. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Конституция мынадай функцияларды орындайды:
A) Идеологиялық
B) Басқарушылық
C) Заңдылық
D) Саяси
E) А, С, Д.
37. Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қашан қабылдады:
A) 1991 жылы 16 желтоқсанда;
B) 1993 жыл 28 қаңтарда;
C) 1995 жыл 30 тамызда;
D) 1977 жыл 12 ақпанда;
E) 1978 жыл 20 наурызда.
38. «Қазақстан Республикасы мемлекетінің егемендігі туралы» Конституциялық заң қашан қабылданды:
A) 1978 жыл
B) 1991 жыл
C) 1995 жыл
D) 1990 жыл
E) 1998 жыл.
39. Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы қашан қабылданды:
A) 1978 жылы 16 желтоқсанда;
B) 1995 жылы 30 тамызда;
C) 1991 жылы 12 ақпанда;
D) 1993 жылы 28 қаңтарда;
E) 1989 жылы 20 наурызда.
40. Адамдардың өзара құқықтары, міндеткерліктері мен жауапкершіліктерінің жиынтығын көрсететін адам мен мемлекеттің тұрақты құқықтық байланысы, бұл –
A) Қоғам
B) Конституция
C) Үкімет
D) Азаматтық
E) Бірлестіктер.
41. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Азаматтық алу үшін негіз болып табылатын не:
A) Туылғаны бойынша
B) Азматтыққа қабылдану негізінде
C) Шетелдіктерді азаматтыққа алу
D) Халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша
E) Заңда қарастырылған негіздер бойынша.
42. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Адамның құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі:
A) Құқықтар теңдігі
B) Жеке құқықтар
C) Саяси құқықтар
D) Әлеуметтік-экономикалық құқықтар
E) Мәдени құқықтар.
43. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Адам мен азаматтардың жеке құқығына жататындар:
A) Өмір сүру құқығы
B) Шерулерге қатысу құқығы
C) Сөз бостандығы құқығы
D) Намыс құқығы
E) Жеке адамның абыройлық құқығы.
44. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Адам мен азаматтардың жеке құқығына жататындар:
A) Тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы
B) Тіл құқығы
C) Білім алу құқығы
D) Хабарлардың құпиялығын сақтау құқығы
E) Жеке өмірге қол сұғылмау құқығы.
45. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Саяси құқықтар мен бостандықтарға жататындар:
A) Бірлестіктер құру құқығы
B) Еркін бірігу, шерулер мен мингілер өткізу құқығы
C) Мемлекетті басқару істеріне қатысу құқығы
D) Сайлану құқығы
E) Еркін орын ауыстыру құқығы.
46. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарға жататындар:
A) Меншік құқығы
B) Еркін еңбек құқығы
C) Сөз және шығармашылық құқығы
D) Тұрғын үй құқығы
E) Демалыс құқығы.
47. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық міндеттері:
A) Қазақстан Республикасын қорғау
B) Салықтарды төлеу
C) Конституцияны орындау
D) Өзге адамдардың құқығын, еркіндігі мен мәртебесін құрметтеу
E) Құқықтарды іске асыру.
48. ҚР-да орыс тілі қандай мәртебеге ие:
A) ұлтаралық байланыс т ілі
B) мәртебесі анықталмаған
C) мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қолданылатын тіл
D) жергілікті органдардың шешімімен, ресми қолданылатын тіл
E) жоғарғы атқарушы органдардың шешімі бойынша ресми қолданылатын тіл.
49. Азаматтық мәселесін шешетін органдар:
A) Үкімет, ІІМ
B) Паспорт столы, әкімшілік
C) Сыртқы істер министрлігі, Премьер-Министр
D) Президент, ІІС органдары
E) Халықтар достастығы Ассамблеясы.
50. Конституция бойынша тұрғын үйден айыруға жол беріле ме?
А) мәслихаттың шешімі бойынша жол беріледі
В) соттың шешімі бойынша жол беріледі
С) прокурордың шешімі бойынша жол беріледі
D) жол берілмейді
Е) жол беріледі
51. Тұлға мен мемлекеттің өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсететін, тұлға мен мемлекеттің арасындағы тығыз саяси-құқықтық байланыс – бұл:
A) Натурализация
B) Филиация
C) Реинтеграция
D) Азаматтық
E) Оптация.
52. Азаматтық туралы заң қашан қабылданды:
A) 1992 жылы
B) 1995 жылы
C) 1990 жылы
D) 1991 жылы
E) 1997 жылы.
53. Азаматтық туралы сұрақ бойынша өтінішті қарау және оны беру мерзімі мына уақыттан аспауы қажет:
A) 1 жыл
B) 2 ай
C) 8 ай
D) 6 ай
E) 5 ай.
54. Халық пен мемлекеттің атынан сөйлеу құқығы Қазақстан Республикасында қай мемлекеттік органға берілген:
A) Судьяға
B) Үкіметке
C) Президентке
D) Конституциялық Кеңеске
E) Жоғарғы сотқа.
55. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің барлық тармақ қызметінің үйлесімді қызметін қамтамасыз ететін және халықтың алдында билік органдарының жауапкершілігін қай орган қамтамасыз етеді:
A) Жоғарғы сот
B) Президент
C) Конституциялық Кеңес
D) Парламент
E) Мәжіліс.
56. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттік мерзімі:
A) 7 жыл
B) 3 жыл
C) 5 жыл
D) 9 жыл
E) 2 жыл.
57. Қазақстан Республикасы Президенті болып бір адам сайлана алмайды:
A) 2 рет қатарынан артық
B) 3 рет қатарынан артық
C) 1 рет қатарынан артық
D) 4 рет қатарынан артық
E) 5 рет қатарынан артық.
58. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасы Президенті:
A) Келіссөздерді жүргізеді және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне қол қояды
B) Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді
C) Азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады
D) Республикалық бюджетті бекітеді
E) Республикалық референдум өткізу туралы шешім қабылдайды.
59. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының Президенті:
A) Мемлекет басшысы болып табылады
B) Мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы
C) Халық пен мемлекеттік билік бірлігінің кепілі және символы болып табылады
D) Соғыс және бітім мәселелерін шешеді
E) Қарулы күштердің Жоғарғы қолбасшысы.
60. Республикаға қарсы басқыншылық болған жағдайда Қазақстан Республикасының территориясында әскери жағдайды кім енгізе алады:
A) Конституциялық Кеңес
B) Премьер-Министр
C) Парламент Мәжілісінің Төрағасы
D) Парламент Сенатының Төрағасы
E) Президент.
61. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасы Президенті:
A) Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жобаны Парламентке қарауға беруге құқылы
B) Конституцияда белгіленген жағдайда заңдық күші бар бұйрықтар шығаруға құқылы
C) Конституцияда қарастырылған жағдайда және тәртіпте Парламентті таратуға құқылы
D) Рақымшылық жасау мәселелерін шешеді
E) Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы мәселені шешуге құқылы.
62. Мемлекеттік биліктің атқарушы органдары
A) Үкімет, орталық және жергілікті атқарушы органдар
B) Президент, Конституциялық кеңес
C) Сенат, Мәжіліс
D) Сот және прокуратура
E) Парламент, мәслихаттар
63. Мемлекеттің қай органы Үкімет мүшелерінен ант қабылдайды:
A) Парламент
B) Президент
C) Конституциялық Кеңес
D) Мәжіліс
E) Сенат.
64. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттың Қазақстан аумағында тұрақты тұру мерзімі:
A) соңғы он бес жыл
B) соңғы он жыл
C) ондай мерзім белгіленбеген
D) жалпы он бес жыл
E) жеті жыл
65. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. Республика Президентінің Үкіметке қатысты өкілеттілігі:
A) Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды
B) Үкімет қаулыларына қол қояды
C) Үкімет мүшелерін қызметтен босатады
D) Ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырысына төрағалық етеді
E) Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды.
66. Республика Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының өкілеттілігі қандай жағдайда тоқтатылады
A) Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аяқталғаны бойынша
B) Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігі Парламент Сенаты төрағасына өтуіне байланысты
C) ҚР Президентінің өкілеттілігі Премьер-Министрге өтуіне байланысты
D) жаңадан сайланған Президенттің қызметіне кірісуіне байланысты
E) Президент өкілеттілігі Мәжіліс Төрағасына өтуіне байланысты.
67. Қазақстан Республикасында референдум өткізу туралы шешімді кім қабылдайды:
A) Премьер-Министр
B) Парламент депутаттары
C) Конституциялық Кеңес мүшелері
D) Президент
E) Орталық сайлау комитеті.
68. Қазақстан Республикасында саяси баспана беру туралы сұрақты қай орган шешеді:
A) Ішкі істер Министрлігі
B) Сыртқы істер Министрлігі
C) Жоғарғы сот
D) Президент
E) Парламент.
69. Қазақстан Республикасында азаматтарға кешірім жасауды қай орган іске асырады:
A) Жоғарғы сот
B) Облыстық соттар
C) Президент
D) Парламент
E) Конституциялық Кеңес.
70. Республика Президентінің акт формалары – бұл:
A) Қаулылар мен қорытындылар
B) Шешімдер мен үндеулер
C) Нұсқаулар
D) Заңдар
E) Өкімдер мен жарлықтар.
71. Көрсетілген институттардың қайсысы Қазақстанның саяси режимін сипаттайды:
A) құқықтық мемлекет
B) демократиялық мемлекет
C) зайырлы мемлекет
D) біртұтас мемлекет
E) президенттік республика
72. Президент өз міндеттерін орындауда қандай әрекеттері үшін жауап береді:
A) Әкімшілік құқық бұзушылық жасаса
B)Қылмыс жасаса
C) Мемлекетке опасыздық жасаса
D) Өз өкілеттілігінен асып кетсе
E) Дұрыс жауабы жоқ.
73. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өмірлік мүшелері болып табылатындар:
A) Экс-Премьер
B) Экс-Президент
C)Конституциялық Кеңестің бұрынғы төрағалары
D) Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағалары
E) Қазақстан халқының алдында еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының азаматтары.
74. Үкімет өкілеттілігінің мерзімі немен анықталады:
A) Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімімен
B) Сенат депутатарының өкілеттілік мерзімімен
C) Кезекті шақырылған Мәжілс депутаттарының өкілеттілік мерзімімен
D) Кезекті шақырылған Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімімен
E) ҚР Президентінің өкілеттілік мерзімімен.
75. ҚР-да Сенат депутаттары өкілеттілігі неше жыл:
A) 3 жыл
B) 4 жыл
C) 5 жыл
D) 6 жыл
E) 7 жыл.
76. ҚР-да Мәжіліс депутаттары өкілеттілігі неше жыл:
A) 4 жыл
B) 7 жыл
C) 5 жыл
D) 6 жыл
E) 3 жыл.
77. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. ҚР Парламенті қандай өкілеттіктерді атқарады:
A) ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді
B) Соғыс және бітім мәселелерін шешеді
C) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдардың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды
D) Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді
E) Палаталардың бірлескен комиссияларын құрады.
78. ҚР-да Мәжіліс депутаттарының саны:
A) 67
B) 107
C)39
D) 10
E) 77.
79. ҚР-да Парламенттің кезекті сессиясы өткізіледі:
A) жылына 2 рет
B) 2 жылда 1 рет
C) жылына 1 рет
D) жылына 4 рет
E) 5 жылда 1 рет.
80. Қазақстан Республикасында Сенат Төрағасы қызметіне кандидатты кім ұсынады:
A) Премьер-Министр
B) Парламент депутаттары
C) Сенат депутаттары
D) Республика Президенті
E) Өзін-өзі ұсыну.
81. Қазақстан Республикасында Мәжіліс Төрағасына кандидатты кім ұсынады:
A) ҚР-ның Президенті
B) Парламент депутаттары
C) Палатаның депутаттары
D) Сенат депутаттары
T) Өзін-өзі ұсыну жолымен.
82. ҚР-да Парламенттің координациялық органы болып табылады:
A) Палатаның тұрақты комитеттері
B) Палатаның аралас комиссиялары
C) Парламент фракциялары
D) Сенат Бюросы және Мәжіліс Бюросы
E) Уақытша комиссиялар.
83. ҚР-да Парламенттің жұмысшы органдары болып табылады.
A) Саяси партиялардың фракциялары
B) Мәжіліс пен Сенаттың тұрақты комитеттері
C) Палата Бюросы
D) Депутат топтары
E) Парламент.
84. ҚР-да заңдық бастама құқығы кімге қатысты:
A) Сайлаушыларға
B) Азаматтарға
C) Конституциялық Кеңестің Төрағасына
D) Парламент депутаттарына
E) Орталық сайлау комитеттеріне.
85. Қазақстан Республикасын ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес:
A) конституциялық мемлекет ретінде бекітеді.
B) әлеуметтік, құқықтық, зайырлы, демократиялық мемлекет деп бекітеді
C) демократиялық құқықтық мемлекет болып табылады
D) әлеуметтік мемлекет құру мақсатын қояды
E) құқықтық мемлекет құру мақсатын қояды.
86. ҚР-ның Парламенті Конституциялық заңдарды қабылдайды:
A) Сенат отырысында
B) Палаталардың жеке отырысында, алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта
C) Мәжіліс отырысында
D) Палаталардың жеке отырысында
E) Дұрыс жауабы жоқ.
87. ҚР-сы Парламенті заңдарды қабылдайды:
A) Палаталардың біріккен отырысында
B) Палаталардың жеке отырысында, алдымен Мәжілісте, содан кейін Сенатта қарайды
C) Мәжіліс отырысында
D) Сенат отырысында
E) Бюро отырысында.
88. ҚР-да рақымшылық жасау мәселелерін шешеді:
A) Президент
B) Палаталардың біріккен отырысында Парламент
C) Конституциялық Кеңес
D) Палаталардың жеке отырысында Парламент алғашында Мәжілісте, содан кейін Сенатта
E) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы.
89. Мәжілісте қозғалған Республика Президентін қызметтен шеттету және оның қорытындыларын Парламент палаталарының біріккен отырысында қарау мәселесі бойынша түпкілікті шешімді кім береді:
A) Үкімет
B) Сенат
C) Конституциялық Кеңес
D) Жоғарғы сот
E) Президент әкімшілігі.
90. Парламентте Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарайды:
A) Үш оқылымнан аз емес
B) Бір оқылымнан
C) Екі оқылымнан аз емес
D) Дұрыс жауабы жоқ
E) Бес оқылымнан аз емес.
91. ҚР Президентінің мемлекеттік опасыздық жасағаны туралы ұсынысты кім жолдайды:
A) Сенат
B) Мәжіліс
C) Жоғарғы сот
D) Бас прокурор
E) Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
92. Атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды:
A) Республика Президенті
B) Премьер-Министр
C) Министр
D) Үкімет
E) Дұрыс жауабы жоқ.
93. ҚР-да Үкімет құралады:
A) Парламентпен
B) Премьер-Министрмен
C) Президентпен
D) Сайлаушылармен
E) Алқалық органмен анықталады.
94. Үкімет қандай құқықтық акт шығарады?
A) заңдар
B) жарлық
C) қаулы
D) өкім
E) шешім
95. ҚР-да сот төоелігін іске асырады:
A) Прокуратура
B) Конституциялық Кеңес
C) Сот
D) Юстиция Министрлігі
E) Президент.
96. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. ҚР-ның соттары болып табылады:
A) Жоғарғы сот
B) Облыстық соттар
C) Әскери соттар
D) Төтенше соттар
E) Аудандық соттар.
97. Дұрыс емес жауапты көрсетіңіз. ҚР-да судья бола алатын азаматтар:
A) 25 жасқа толған
B) 3 жылдық жұмыс стажы бар
C) Квалификациялық емтихан тапсырғандар
D) Жоғарғы заң білімі бар
E) Заңдық стажы 2 жылдан аз емес.
98. Конституцияға түсінік беретін ҚР-дағы мемлекеттік орган:
A) Жоғарғы сот Кеңесі
B) Парламент
C) Конституциялық Кеңес
D) Жоғарғы сот
E) Сенат.
99. ҚР-да жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын:
A) Орталық атқару органдары
B) Жергілікті сот органдары
C) Жергілікті атқару органдары
D) Жергілікті құқық қорғау органдары
E) Жауаптардың бәрі дұрыс.
100. Қазақстанда мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы болып табылады:
A)Мәслихаттар
B)Үкімет
C)Парламент
D)Жоғарғы Сот
E) Конституциялық Kеңес