Қазақстан республикасының конституциялық ҚҰҚЫҒЫ пәнінен тест сұрақтары мен жауаптары



бет8/23
Дата26.01.2023
өлшемі146,41 Kb.
#63157
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
ТЕСТ ҚҰҚЫҚ

ІV тарау
§ 17
95. Құрамының күрделілігі мен табыс мөлшерінің әртүрлі болуына байланысты орта таптың өзі нешеге бөлінеді?
А) 4-ке
В) 3-ке
С) 2-ге
Д) 5-ке [В] 70-бет
96. Қоғамның орта табының төменгі баспалдағы өкілінің еркін және тең құқықты өмір сүруіне қажетті материалдық табыс мөлшері:
А) төменгі статистикалық қамтамасыздандыру
В) жоғарғы статистикалық қамтамасыздандыру
С) орташа статистикалық қамтамасыздандыру
Д) жекешелендіру [С] 70-бет
97. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының түпкілікті мақсаты:
А) жоғарғы тапты қоғам құру
В) орта тапты қоғам құру
С) төменгі тапты қоғам құру
Д) әлемдік держава құру [В] 70-бет
98. Мүшелерінің басым көпшілігі орта тап өкілдерінен құралатын қоғамды қалай атаймыз?
А) төменгі тапты қоғам
В) жоғарғы тапты қоғам
С) қатардағы қоғам
Д) орта тапты қоғам [Д] 71-бет
99. Орта тапты қоғам құрудың кепілі:
А) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
В) шағын кәсіпкерлікті дамыту
С) орта кәсіпкерлікті дамыту
Д) жекеменшікті көбейту [А] 71-бет
100. Адамдардың қоғамда қалыптасқан таптар мен қабаттар жүйесінде еркін орын ауыстыруын білдіретін ұғым:
А) орташа статистикалық қамтамасыздандыру
В) әлеуметтік мобильділік
С) әлеуметтік қайшылық
Д) әлеуметтік қамсыздандыру [В] 71-бет
101. Әлеметтік мобильділіктің қандай бағыттары болады?
А) тікелей, жанама
В) тік, көлденең
С) қысқа, ұзын
Д) көлденең, жанама [В] 72-бет
102. Тұрпаты жағынан әлеуметтік мобильділік нешеге бөлінеді?
А) таптық, тапішілік
В) тапаралық, таптық
С) тапаралық, тапішілік
Д) тапішілік [С] 72-бет
ІV тарау
§ 18
103. Жергілікті ұлт, республика тұрғындары ғылым тілінде қалай аталады?
А) абориген
В) автохтонды
С) конгломерат
Д) номад [В] 72-бет
104. Қазақстан үшін қазақтар:
А) диаспора
В) иммигрант
С) оралман
Д) автохтонды [Д] 73-бет
105. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы:
А) 67 %
В) 70 %
С) 80 %
Д) 90 % [А] 73-бет
106. Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы үлесі жағынан қазақтардан кейінгі екінші орындағы диаспора:
А) өзбек
В) қырғыз
С) украин
Д) орыстар [Д] 73-бет
107. Қазақтардан өзге Қазақстан территориясында тұратын ұлт өкілдерін жалпылама қалай атаймыз?
А) автохтонды
В) оралман
С) босқындар
Д) диаспоралар [Д] 73-бет
108. Қазақстанның ұлт мәселелеріне байланысты сол елдермен мемлекетаралық қатынас жасауы:
А) мемлекетаралық қатынастар
В) ұлттық қатынастар
С) шекаралық қатынастар
Д) ұлтаралық қатынастар [Д] 73-бет
109. Этнос сөзінің мағынасы:
А) топ, тайпа
В) қауым, тобыр
С) ру
Д) ұлыс [А] 74-бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет