1. Қоғамдық бірлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бірлестiктiң осы
қоғамдық бірлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң
шегiнен тыс
iс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бірлестiктiң басшыларына - ескерту жасауға немесе айлық есептiк
көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бірлестіктің
мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға,
қоғамдық бірлестiкке айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық бірлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бірлестiктiң
Қазақстан Республикасының заңдарын
бұзатын іс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бірлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата отырып,
қоғамдық бірлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi
мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бірлестiктiң мүшелерiне айлық есептік
көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қоғамдық бірлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып,
қоғамдық бірлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткіштің жүз елуге дейiнгі
мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бірлестiктің мүшелеріне айлық есептiк
көрсеткіштің жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшінші бөлігінде
көзделген бұзушылықтарды жоймау, -
қоғамдық бірлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, қоғамдық бірлестiктің
басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде
айыппұл салуға, қоғамдық бірлестiктің мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi
жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шет ел қатысатын
заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қайырымдылық
ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы -
заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - төрт жүз айлық
есептік көрсеткiш мөлшерiнде, заңсыз қайырмалдықтар
тәркілене отырып,
шетелдiк заңды
тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың саяси партияларды
қаржыландыруы, -
заңсыз қайырымдылықтар тәркілене отырып және Қазақстан Республикасының
шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, екi жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Саяси партиялардың заңсыз қайырмалдықтарды
қабылдауы, -
заңсыз қайырмалдықтар тәркiлене отырып және он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге
әкiмшiлiк қамауға ала отырып не онсыз саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып,
саяси партияның басшысына төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
8. Саяси партиялардың қаржылық қызметi туралы жылдық есептіктi Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiм
мен көлемде жарияламау, -
саяси партияның қызметiн алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата отырып, партияның
басшысына айлық eceптiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
9. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнің (филиалдары мен
өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметтi
қайта тiркеусіз жүзеге асыруы, -