“крекерлер” дейміз. Телефон желілерін бұзатын мамандарды “фрикерлер”



бет1/9
Дата04.12.2023
өлшемі6,69 Mb.
#134276
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8 (1)


Киберқауіпсіздік
Бағдарламалар мен серверлерді пайда табу мақсатында бұзатын және лицензиялық қорғау жүйелерін айналып өтетін құралдарды құрастыратын бағдарламашыларды “крекерлер” дейміз.
Телефон желілерін бұзатын мамандарды “фрикерлер” деп атайды.
Банкілік карталарды заңсыз мақсаттарда пайдаланатын және электронды төлем жүйелерін қолданатындарды “кардерлер” деп атайды.
Вирустық бағдарламалар жазумен және таратумен айналысатындарды “вирмейкерлер” деп атайды.
Басқа адамдардың ақшаларын ұрлау мақсатында арнайы сайттар арқылы жұмыс жасайтын алаяқтарды “фродерлер” деп атайды.
Компьютерлік қылмыскерлер
«Хакер» терминінің шынайы шығу тегін қазір анықтау мүмкін емес: ол Массачусетс кампустары мен аудиторияларында пайда болған деп болжанады.
«Хакер»  деп, әлемдегі ең ірі әрі күрделі саналатын компьютерлік желілерге кіруге қол жеткізген, өзінің электрондық саладағы білімін жаңа идеялар енгізу арқылы дәлелдейтін және де технологияның даму мәдениетін егжей-тегжейлі білетін адамды айтады. Алайда көпшілік үшін қандай да бір электрондық жүйеге заңсыз шабуыл жасаған адам біздің қоғамда «хакер» деген атқа ие болған.
Киберқылмыс — бұл виртуалды кеңістіктегі қылмыс. Виртуалды кеңістік немесе киберкеңістікті компьютер арқылы моделі құрылатын ақпараттық кеңісікті айтуға болады.
«Вандал»- ақпараттық жүйелерді жоқ қылып оны бұзушы адам.
«Әзілкеш» - компьютерлік жүйелерді оған әртүрлі дыбыстық, визуалдық әсерлерді ендіріп оны бұзушы адам.
«Шпион»-компьютерлік жүйелерді саяси, әскери және экономикалық мақсаттарда қолдануға болатын ақпараттарды алу үшін бұзушы адам.
ЭЕМ-ді қолданып қылмыс жасаушыларды тергеу және оларға айып тағу өте қиын.
Оның себебі мыналарда:
-ЭЕМ-ді қолданып қылмыс жасаушыларды табу қиын;
- ЭЕМ-дегі қылмыскерлерге қарсы дәлелдер тез жойылып кетеді;
- Ревизия жүргізіле алмайды, өйткені құжаттар жоқ.
Зерттеу нәтижелері бойынша киберқылмыскерлерден күн сайын 1,5 млн адам зардап шегеді. Кибершабуыл арқылы әрбір бір адамға келетін шығын орташа $197 құрайды. Соңғы бір жыл ішінде дүние жүзі бойынша 18 жастан асқан 556 млн қолданушы киберқылмыскерлердің құрбаны болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет