Қазақстан Республикасының Конституциясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет129/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  
ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСI 
 
141-бап. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу  
1.  Адамның  (азаматтың)  құқықтары  мен  бостандықтарын  тегiне,  әлеуметтiк, 
лауазымдық  немесе  мүлiктiк  жағдайы,  жынысы,  нәсiлi,  ұлты,  тілі,  дiнге  көзқарасына 
сенiмi,  тұрғылықты  жерi,  қоғамдық  бiрлестiктерге  қатыстылығына  себептерiмен  немесе 
өзге кез келген жағдайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу -  
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға 
не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады. 
2.  Адам  өзiнiң  қызмет  бабын  пайдалана  отырып  не  қоғамдық  бiрлестiктiң  жетекшiсi 
жасаған дәл сол әрекет -  
айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға 
не  үш  жылға  дейiнгi  мерзiмге  белгiлi  бiр  лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр 
қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге 
бас бостандығын шектеуге жазаланады. 
 
164-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру  
1.  Әлеуметтiк,  ұлттық,  рулық,  нәсiлдiк,  дiни  араздықты  немесе  алауыздықты 
қоздыруға,  азаматтардың  ұлттық  ар-намысы  мен  қадiр-қасиетiн  не  дiни  сезiмдерiн 
қорлауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасына, 
тектiк-топтық,  ұлттық,  рулық  немесе  нәсiлдiк  қатыстылығы  белгiлерi  бойынша  олардың 
айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдiгiн насихаттау, егер осы әрекеттер көпшiлiк 
алдында  немесе  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдалана  отырып,  сол  сияқты 
әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты насихаттайтын әдебиет 
пен өзге ақпарат жеткізгіштерді тарату жолымен жасалса -  
бір  мың  айлық  есептiк  көрсеткiшке  дейiнгi  мөлшерде  айыппұл  салуға  не  екi  жылға 
дейiнгi  мерзiмге  түзеу  жұмыстарына  не  жеті  жылға  дейінгі  мерзімге  бас  бостандығынан 
айыруға жазаланады.  
2.  Адамдар  тобымен  немесе  бiрнеше  рет  жасалған,  немесе  күш  көрсетумен  не  оны 
қолданамын  деп  қорқытумен  ұштасқан,  сол  сияқты  өзiнiң  қызмет  бабын  пайдалана 
отырып, адам не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған нақ сол iс-әрекеттер -  
бес  жүзден  үш  мың  айлық  есептiк көрсеткiшке  дейiнгi  мөлшерде  айыппұл  салуға  не 
төрт  жылға  дейiнгi  мерзiмге  бас  бостандығын  шектеуге,  не  үш  жылға  дейiнгi  мерзiмге 
белгiлi  бiр  лауазымдарды  атқару  немесе  белгiлi  бiр  қызметпен  айналысу  құқығынан 
айырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  
3.  Осы  баптың  бiрiншi  және  екiншi  бөлiктерiнде  көзделген,  ауыр  зардаптарға  әкеп 
соққан iс-әрекеттер -  
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен 
айналысу құқығынан айырып немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас 
бостандығынан айыруға жазаланады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет