Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  табиғатты  сақтауға  және  табиғат  байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi.  39-бап



Pdf көрінісі
бет5/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
38-бап 
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  табиғатты  сақтауға  және  табиғат 
байлықтарына ұқыпты қарауға мiндеттi. 
39-бап 
1.  Адамның  және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтары  конституциялық 
құрылысты  қорғау,  қоғамдық  тәртiптi,  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарын, 
халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажеттi шамада ғана және тек 
заңмен шектелуi мүмкiн.  
2.  Ұлтаралық  татулықты  бұзатын  кез  келген  әрекет  конституциялық  емес  деп 
танылады.  
3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да 
бiр  түрде  шектеуге  жол  берiлмейдi.  Конституцияның  10;  11;  13-15-баптарында;  16-
бабының  1-тармағында;  17-бабында;  19-бабында;  22-бабында;  26-бабының  2-тармағында 
көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбiр жағдайда да шектелмеуге тиiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет