мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын
Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-
Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері
актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық
немесе ішінара тоқтата тұрады;
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке
тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік
органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке
тағайындайды
және қызметтен босатады;
6) Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi
шақырып алады;
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін
бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
8) Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекiтедi;
9) Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджетi
есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен
еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне бекiтедi;
10) Республикалық референдум өткізу жөнiнде шешiм қабылдайды;
11) келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды;
бекіту грамоталарына қол қояды; өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң
дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу
грамоталарын қабылдайды;
12) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады,
Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын тағайындайды
және ауыстырып отырады;
13) Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметтi, жоғары
әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, біліктілік
сыныптарын бередi;
14) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;
15) азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;
16) Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық
тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей
қатер төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi
бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының
Төрағаларымен ресми консультациялардан кейiн Республика Парламентiне дереу
хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде
төтенше жағдай енгізудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда,
аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды
қолданады;
17) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей
қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде
әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы
Республика Парламентiне дереу хабарлайды;
18) өзiне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметiн және Республикалық
ұланды жасақтайды;
19) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын қызметке тағайындайды
және қызметтен босатады, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн анықтайды; Республика
Президентінің Әкiмшiлiгiн құрады;
20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ
Қазақстан халқы Ассамблеясы
мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
21) Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi
жүзеге асырады.
48-бап
1. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған
немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің өкiлеттiгi
қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi; Сенат Төрағасының өзiне
Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Парламент Мәжілісiнiң
Төрағасына көшедi; Мәжіліс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн
болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министрiне көшедi. Өзiне Республика
Президентінің өкiлеттiгiн қабылдаған тұлға тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжіліс
Төрағасының немесе Премьер-Министрдiң өкiлеттiгiн тапсырады. Бұл жағдайда бос
тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртiппен жүзеге
асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздерде және тәртiппен Қазақстан
Республикасы Президентінің өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған тұлғаның Қазақстан
Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық
жасауға құқығы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: