Қазақстан Республикасының Конституциясы


-ТАРАУ. ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІН ҚҰРУ



Pdf көрінісі
бет68/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131
2-ТАРАУ. ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІН ҚҰРУ 
9-бап. Тұтыну кооперативiн құру тәртібі  
1.  Тұтыну  кооперативiн  құру  құрылтай  жиналысын  өткізуден  басталып,  заңды  тұлға 
ретiнде мемлекеттік тiркеумен аяқталады.  
2.  Азаматтар  тұтыну  кооперативiнiң  құрылтай  жиналысын  өткізудi  және  оның 
қарауына  енгiзiлетiн  құжаттардың  жобаларын  әзiрлеу  жөнiнде  бастамашыл  топтар  құра 
алады. 
10-бап. Тұтыну кооперативiнiң құрылтай жиналысы  
1. Тұтыну кооперативiнiң құрылтай жиналысы мынадай мәселелердi шешедi:  
1)  тұтыну  кооперативiн  құру,  оның  атауы  және  орналасқан  жерi  туралы  шешiм 
қабылдайды;  
2) тұтыну кооперативi мүшелерiнiң арыздары негiзiнде азаматтар үшін олардың аты-
жөнi, тұрғылықты жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi және заңды 
тұлғалар  үшiн  атауы,  орналасқан  жерi  және  банктiк  реквизиттерi  көрсетiлген  тiзiмiн 
бекiтедi;  
3) қызметтiң мәнi мен мақсаттарын белгiлейдi;  
4)  мүлiктiк  (пайлық)  жарналардың  құрамын,  мөлшерiн  және  оларды  енгізу 
мерзiмдерiн белгiлейдi;  
5) жарғысын және құрылтай шартын бекiтедi;  
6) атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарды сайлайды;  
7) мемлекеттік тiркеу мерзiмiн және оған жауапты адамдарды белгiлейдi;  
8) тұтыну кооперативiн құруға байланысты өзге де мәселелердi шешедi.  
2. Құрылтай жиналысының шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Құрылтай жиналысының 
хаттамасына құрылтай жиналысының төрағасы мен хатшысы қол қояды.  
Құрылтай  жиналысының  төрағасы  оған  қатысушылардың  көпшiлiк  даусымен 
сайланады. 
11-бап. Тұтыну кооперативiнiң жарғысы  
1. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында:  
1) атауы мен орналасқан жерi;  
2) қызметiнiң мәнi мен мақсаттары;  
3)  тұтыну  кооперативiне  кiру  мен  одан  шығу,  оның  iшiнде  тұтыну  кооперативiнiң 
мүлкіндегі өз үлесiн бөлiп алу тәртібі;  
4)  мүлiктiк  (пайлық)  жарналардың  құрамы,  мөлшерi  және  оларды  енгізу  тәртібі, 
мүлiктiк  (пайлық)  жарналарды  енгізу  жөніндегі  мiндеттемелердi  бұзғаны  үшiн 
жауапкершiлiк;  
5)  тұтыну  кооперативiнiң  атқарушы,  бақылаушы  және  өзге  де  органдарын  құру, 
сайлау (қайта сайлау) тәртібі мен өкiлеттiгi, олардың шешiм қабылдау тәртібі;  
6) тұтыну кооперативi басқару органдарының құрамы мен құзыретi;  
7)  басқару  органдарының  шешiм,  оның  iшiнде  шешiмдер  бiрауыздан  немесе  біліктi 
көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер туралы шешiм қабылдау тәртібі;  
8) тұтыну кооперативi мүшелерiнiң кооперативке келтiрiлген залалдарды жабу тәртібі;  
9) кооперативтi қайта ұйымдастыру және оның қызметiн тоқтату жағдайлары;  


10) филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтер;  
11) тұтыну кооперативi мүшелерiнiң оның қызметiне жеке еңбек қосып қатысуының 
сипаты мен тәртібі;  
12) тұтыну кооперативi мен оның мүшелерi, тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы 
мен жалдамалы қызметкерлер арасындағы өзара қатынастар болуға тиiс.  
2.  Тұтыну  кооперативiнiң  жарғысына  азаматтың  тегі,  аты,  әкесінің  аты,  тұрғылықты 
жерi  және  жеке  басын  куәландыратын  құжаттың  деректерi,  сондай-ақ  егер  тұтыну 
кооперативінің мүшесі заңды тұлға болып табылатын болса, ұйымның атауы, орналасқан 
жері және банктік деректемелері көрсетiлген тұтыну кооперативi мүшелерiнiң тiзiмі қоса 
беріледi. 
3. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы 
келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкін.  
4. Тұтыну кооперативiнiң жарғысына енгізiлген өзгерістер мен толықтыруларды заңда 
белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттік органдар тіркейді.  
5. Yшiншi  тұлғалармен қарым-қатынастарда тұтыну кооперативі мен оның мүшелерi 
жарғысына  енгізілген  өзгерістер  мен  толықтырулар  немесе  Қазақстан  Республикасының 
заңнамалық  актілерінде  белгіленген  тәртіппен  олардың  тіркелгені  туралы  мемлекеттiк 
тiркеудi  жүзеге  асыратын  органға  хабарланған  кезден  бастап  не  сот  шешiмiнiң негiзiнде 
Бизнес-сәйкестендіру  нөмірлерінің  ұлттық  тізіліміне  тұтыну  кооперативі  жарғысының 
өзгергені туралы мәліметтер енгiзiлген кезден бастап тұтыну кооперативі жарғысындағы 
өзгерiстерге  сiлтеме  жасауға  құқылы.  Алайда,  үшiншi  тұлғалар  аталған  мән-жайлар 
болғанға  және  мерзiмдер  басталғанға  дейiн  де  бұл  өзгерiстердi  ескере  отырып,  іс-әрекет 
жасауға құқылы. 
  
12-бап. Тұтыну кооперативiн мемлекеттік тiркеу  
1. Тұтыну кооперативi ол мемлекеттік тiркеуден өткен кезден бастап құрылған болып 
есептеледi.  
2.  Тұтыну  кооперативiн  мемлекеттік  тiркеудi  әдiлет  органдары  Қазақстан 
Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді 
есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет