252-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер Қосылған құн салығынан:
1) осы Кодекстің 134-бабының 1-тармағында көрсетілген коммерциялық емес
ұйымдар жүзеге асыратын балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерін,
мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни бірлестіктердің діни жоралар
мен рәсімдер өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар
босатылады.