Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт



Pdf көрінісі
бет114/131
Дата07.01.2022
өлшемі1,31 Mb.
#20204
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   131
Байланысты:
kz-konstituciyasy

  
255-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт  
1. Мынадай тауарлар:  
1)  ұлттық  және  шетелдік  валюта  банкноттары  мен  монеталары  (мәдени-тарихи 
құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар
2)  Кеден  одағының  кеден  заңнамасына  және  (немесе)  Қазақстан  Республикасының 
кеден заңнамасына сәйкес бекітілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке 
тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;  
3)  акцизделетін  тауарларды  қоспағанда,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 
айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар;  
4)  акцизделетін  тауарларды  қоспағанда,  мемлекет,  мемлекеттердің  үкіметтері, 
халықаралық  ұйымдар  желілері  бойынша,  техникалық  жәрдем  көрсетуді  қоса  алғанда, 
қайырымдылық көмек мақсатында әкелінетін тауарлар;  
5)  шет  мемлекеттiң  Қазақстан  Республикасында  акредиттелген  дипломатиялық  және 
оларға  теңестiрiлген  өкiлдiктерiнiң,  шет  мемлекеттің  консулдық  мекемелерінің  ресми 
пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы 
өкілдіктердің  дипломатиялық  және  әкiмшiлiк-техникалық  персоналына  жататын 
адамдардың,  олармен  бірге  тұратын  отбасы  мүшелерiн  қоса  алғанда,  консулдық 
лауазымды  адамдардың,  консулдық  қызметшілердің  жеке  пайдалануы  үшiн  әкелiнетiн 
және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан 
босатылатын тауарлар; 
6)  салық  төлеуден  босатуды  белгілейтін  кедендік  рәсімінде  Кеден  одағының  кеден 
заңнамасына  және  (немесе)  Қазақстан  Республикасының  кеден  заңнамасына  сәйкес 
кедендік декларациялануға жататын тауарлар;  
6-1)  тізбесін  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  айқындаған  ғарыш  қызметіне 
қатысушылар  әкелетін  ғарыш  объектілерінің,  жербеті  ғарыш  инфрақұрылымының 
объектілері  жабдықтарының  импорты  қосылған  құн  салығынан  босатылады.  Осы 
тармақшаның  ережелері  нысанын  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітетін,  ғарыш 
қызметінің мақсаттары үшін осындай ғарыш объектілері мен жабдықтарын әкелу туралы 
ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның растауы негізінде қолданылады; 
7) кез келген нысандағы дәрілік заттар, оның ішінде дәрілік субстанциялар; протездік-
ортопедиялық  бұйымдарды,  сурдотифлотехниканы  және  медициналық  (ветеринариялық) 
техниканы  қоса  алғанда,  медициналық  (ветеринариялық)  мақсаттағы  бұйымдар;  кез 
келген  нысандағы  дәрілік  заттарды  шығаруға  арналған  материалдар,  жабдықтар  және 
жинақтаушы  материалдар,  оның  ішінде  дәрілік  субстанциялар,  протездік-ортопедиялық 
бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық 
(ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты қосылған құн салығынан босатылады; 
Осы  тармақшада  көрсетілген  тауарлардың  тізбесін  Қазақстан  Республикасының 
Үкіметі бекітеді;  
8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);  
9) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын, 
ақша белгілерін шығаруға арналған шикізат;  
10)  мемлекеттердің,  мемлекеттердің  үкіметтері  мен  халықаралық  ұйымдардың  желісі 
бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар; 


11)  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  импорттайтыннан  басқа,  бір  мезгілде 
мынадай талаптарға сәйкес болған: 
қосылған  құн  салығы  бойынша  салық  кезеңі  ішінде  импортталған  инвестициялық 
алтынның жалпы салмағы 32 троя унциясынан аспайтын
қосылған  құн  салығы  бойынша  салық  кезеңі  ішінде  импортталған  инвестициялық 
алтынның жалпы құны мынадай: 
импортталған инвестициялық алтынның салмағын  
өткізу  күніне  Лондон  қымбат  бағалы  металдар  нарығы  қауымдастығы  белгілеген 
алтынның таңертеңгі фиксингіне (бағаның бағамдалуы) 
көбейту 
өткізу күніне белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына  
көбейту  
тәртібімен есептелген сомаларды жинақтау  жолымен қалыптасқан сомадан аспайтын 
кезде инвестициялық алтын импорты қосылған құн салығынан босатылады. 
Осы тармақшаның ережелері инвестициялық алтынды: 
құймалар; 
пластиналар; 
Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  шығарған  алтын  монеталар  нысанында 
өткізу кезінде қолданылады. 
12)  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  импорттайтын  инвестициялық  алтын 
импорты қосылған құн салығынан босатылады. 
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан 
босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет