10) филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтер;
11) тұтыну кооперативi мүшелерiнiң оның қызметiне жеке еңбек қосып қатысуының
сипаты
мен тәртібі;
12) тұтыну кооперативi мен оның мүшелерi, тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы
мен жалдамалы қызметкерлер арасындағы өзара қатынастар болуға тиiс.
2. Тұтыну кооперативiнiң жарғысына азаматтың тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты
жерi және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, сондай-ақ егер тұтыну
кооперативінің мүшесі заңды тұлға болып табылатын болса, ұйымның атауы, орналасқан
жері және банктік деректемелері көрсетiлген тұтыну кооперативi мүшелерiнiң тiзiмі қоса
беріледi.
3. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы
келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкін.
4. Тұтыну кооперативiнiң жарғысына енгізiлген өзгерістер мен толықтыруларды заңда
белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттік органдар тіркейді.
5. Yшiншi тұлғалармен қарым-қатынастарда тұтыну кооперативі мен оның мүшелерi
жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар немесе Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен олардың тіркелгені туралы мемлекеттiк
тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарланған кезден бастап не сот шешiмiнiң негiзiнде
Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тұтыну кооперативі жарғысының
өзгергені туралы мәліметтер енгiзiлген кезден бастап тұтыну кооперативі жарғысындағы
өзгерiстерге сiлтеме жасауға құқылы. Алайда, үшiншi тұлғалар аталған мән-жайлар
болғанға және мерзiмдер басталғанға дейiн де бұл өзгерiстердi ескере отырып, іс-әрекет
жасауға құқылы.
12-бап. Тұтыну кооперативiн мемлекеттік тiркеу
1. Тұтыну кооперативi ол мемлекеттік тiркеуден өткен кезден бастап құрылған болып
есептеледi.
2. Тұтыну кооперативiн мемлекеттік тiркеудi әдiлет органдары Қазақстан
Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: