Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.
Дайындаңыз:
сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін);
0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы - 370С.
Іс-әрекет алгоритмі:
Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның келісімін алыңыз.
Қақырық ерте таңертең (ашқарынға) асқа дейін алынады.
Науқастан сұраңыз:
таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;
тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;
тік тұруын немесе тік отыруын;
қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай - бірнеше терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді; 3-5 мл мөлшердей қақырықты контейнерге жинаңыз;
қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.
Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде лабораторияға жіберіңіз.
Ескерту:
егер де жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;
қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа көрсету қажет.