Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитеті төрағасының
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№111 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсыным 1. Жалпы ережелер 1. Осы әдістемелік ұсыным Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлеріне арналған.
2. Қолды тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай шарттарды сақтау қажет: тырнақты алу, тырнақта лактың болмауы, жасанды тырнақтың болмауы, қолда зергерлік әшекейлер мен сағаттың болмауы.
3. Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының берілуінің және таралуының негізгі факторы медицина персоналының манипуляцияларды орындауы немесе аурухана ортасындағы әртүрлі объектілермен (аппараттар, аспаптар беті, науқастарды күту заттары, санитариялық-техникалық жабдық, әбзелдер, киім, медициналық мақсаттағы бұйымдар, таңу материалы, медициналық қалдықтар және т.б.) жанасуы кезінде ластанатын қолы болып табылады.
4. Микроорганизмдердің қол арқылы ықтимал берілу жолдарын тоқтату және ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу қаупін азайту үшін қол нақты немесе әлеуетті ластануы мүмкін барлық жағдайларда медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеу қажет.
5. Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеудің үш тәсілі бар:
антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу;
антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу;
қолды хирургиялық дезинфекциялау.
2. Антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу 6. Антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) тамақ өнімдерімен жұмыс істеу, тамақты дайындау және тарату алдында;
2) тамақ ішу алдында;
3) дәретханаға барғаннан кейін;
4) пациентпен тікелей жанасу болмаған кезде (төсек әбзелдерін ауыстыру, үй-жайды жинау және т.б.) пациенттің күтімі бойынша іс-әрекетті жүргізу алдында және жүргізгеннен кейін;
5) инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттерді қоспағанда, пациенттің зақымданбаған терісімен (пальпациялау, пульсті, артериялық қысымды өлшеу және т.б.) жанасқаннан кейін;
6) қол анық ластанған барлық жағдайда;
7) қолды жуу үшін жылы ағын су, дозаторы бар құтыдағы сұйық сабын, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе бір рет қолданылатын майлықтар пайдаланылады. Жартылай босаған құтыға сұйық сабынды үстемелеп құюға болмайды;
8) қолды жуу кезіндегі іс-әрекеттің жүйелілігі;
1) су құбыры кранын ашу;
2) қолды сумен сулау;
3) ылғал қолға сабынды жағу;
4) EN-1500 еуропалық стандартқа сәйкес өңдеу жүргізу (осы әдістемелік ұстанымға қосымша);
5) қолды бір рет қолданылатын сүлгімен немесе бір рет қолданылатын майлықпен құрғату;
6) сүлгіні қалдықтар жинауға арналған сыйымдылыққа немесе контейнерге тастау.