Науқаспен өзара жылы жүзді, сенімділік қарым-қатынасын орнатыңыз.
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз.
Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.
Аз ғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты науқастың алдына қойыңыз.
Науқастың қолының саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз.
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.
Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см) қалдырып тиянақты алыңыз.
Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.
Тырнақтарды егеуішпен және тістекуікпен өндеңіз.
Науқастың қолына кремді жағыңыз.
Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.