Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсыным Жалпы ережелер



бет63/155
Дата15.06.2023
өлшемі396,37 Kb.
#101584
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   155
Байланысты:
стандарт озгертилген новый (копия) (копия)

Ескерту:

  • сүлік науқастың қанына өзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді;

  • сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай;

  • асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады;

  • сүлікті бір рет қана қолданады.


ПАРАФИН ЖӘНЕ ОЗОКЕРИТПЕН ЕМДЕУ


Қолдану көрсетілімдері: буындардың (артроздар, артриттер, сүйектің, бұлшық еттің (миозитер) қабынуы және жарақатпен зақымдануы, невриттер (радикулит), ішкі мүшелердің аурулары, күйіктен кейінгі терінің тыртық өзгерістері.
Қарсы көрсетілімдері: қызба жағдайы, жүрек қан тамырлары ауруларының өрістеуі, қан қысымының жоғарылауы, қатерлі және қатерсіз ісіктер, қан кету, туберкулез, бронхиальды астма, жүктілік.


Парафинді, озокеритті салу әдістері


Даярлаңыз: су моншасын немесе арнайы парафин қыздырғышын, термометрді, жалпақ бояу жаққышты, клеенканы, көрпені, ваннаны немесе клеенкалы қапты.


І. Парафинді салу әдісі:
1-ші қабат – ерітілген парафинді (Т-55-650 С) 2 см дейін қабат қалыңдығын бірте-бірте көбейтіп жалпақ бояу жаққышпен тері бетіне жағыңыз.
2-ші қабат – бұл учаскені клеенкамен жабыңыз.
3-ші қабат – бұл учаскені көрпемен қымтаңыз.
Парафин апликациясының температурасы 500С дейін жетеді.
Емшараның ұзақтығы 30 минуттан 1 сағатқа дейін.


ІІ. Парафиндік ванна әдісі ( қол немесе аяқ бастарына әсер ету үшін).
1. Қолға немесе аяққа ыстық парафинді (Т-55-650С) 1,5-2 см дейін қабаттап жалпақ бояу жаққышпен салыңыз.
2. Ыстық ерітілген парафинмен (Т-650С дейін) ванночканы немесе клеенкалы қапты толтырыңыз.
3. Өңделген қолды немесе аяқты ыстық ерітілген парафинмен толтырылған ванночкаға немесе клеенкалы қапқа салыңыз.
4. Бұл учаскені көрпемен қымтаңыз. Алдын ала жағылған қабат күлдіреуді алдын алады. Емшараның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет