Қазақстан республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫБЫНЫҢ ПЕДАГОГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



бет13/15
Дата08.11.2022
өлшемі452,92 Kb.
#48582
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫБЫНЫҢ ПЕДАГОГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагог мамандығының мәртебесін арттыру негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағыт дамыту Моделінде белгіленген.


Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделіндегі педагогтер өз ұйымдарындағы өзгерістердің агенттері болуға тиіс. Ол үшін білім беру процесін ұйымдастырушыдан баланы дамыту мен оқыту процесінің фасилитаторы рөліне өз рөлін өзгерту қажеттілігі талап етіледі. Педагогтер үнемі оқып, зерттеу
жүргізіп, балалардың даму процесін бақылап және күнделікті жұмысына рефлексия жасай отырып, өздерін балалар рөлінде, сондай – ақ педагогтер ретінде көруі тиіс. Педагогтің үнемі даму, балаларды тыңдай білу, сұрақтар қою, дәлелдер іздеу, оларды сыни тұрғыдан талдау және шығармашылық эксперименттер жүргізу қабілеті маңызды.
Педагог сабақтар мен режимдік сәттердің білім беру міндеттерін айқындауда тәсілдерді өзгертуі қажет: балаларға үйрету емес, дербес шешім
қабылдау үшін жағдай жасау, балаларға ойлануға, зерттеуге, салыстыруға және осы әрекеттерді бағдарлауға мүмкіндік беру ұсынылады.
Педагогтер үнемі өзін-өзі бағалау процесінде инновацияшыл және жауапты бола алады, сонымен қатар белгіленген құжаттаманы уақтылы және ұқыпты жүргізеді (1,2,3 қосымшалар). Балаларды тәрбиелеу және оқыту процесінде мектепке дейінгі ұйымның әрбір қызметкерінің рөлі маңызды, сондықтан ұйымның әр қызметкері қажетті біліктілік деңгейіне ие болуы тиіс.


Педагогтер мен басқа да қызметкерлер жұмысының негізгі қағидалары:

  • оқытудың кіріктірілген тәсілі;

  • баланы толыққанды дамыту;

  • ойын арқылы оқытуға баланы тарту;

  • балаларға өз білімін құрастырушы ретінде қарым-қатынас жасау;

  • маңызды өзара әрекет арқылы шынайы оқыту;

  • инклюзивті білім беру кеңістігін құру;

  • баланың жеке басын құрметтеу;

- баланы дамыту мақсатында күтім жасау.


Педагогтің құзыреттілігі:

  • баланы дамыту мен оқытуды терең түсіну;

  • баланың көзқарасын түсіну және қабылдай білуі;

  • баланы мақтай білу, тыныштандыру, сұрақтар қоя білу және балаларды жақсы көру;

  • көшбасшылық дағдылары;

  • туындаған мәселелерді шешуге қабілеттілігі;

  • сөздік қордың байлығы және балалардың ой-пікірін айту мүмкіндігі;

  • өз тәжірибесіне үнемі рефлексия жасай білу және оны жетілдіру;

  • эмоционалды интеллекттің жоғары деңгейі.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген, 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне енген «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» және «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық конкурстарына қатыса отырып, кәсіби педагогикалық қызметтегі өз жетістіктерін, балалармен өз жұмысының, ата- аналармен бірлескен жұмысының нәтижелерін көрсете алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет