13 - тақырып. Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау.
Мұнай мен мұнай өнімдері туралы жалпы деректер
Мұнай әртүрлі химиялық қоспаларды алуға таптырмайтын бағалы шикізат, мысалы, синтеикалық шайырлар, каучуктер, бояуыштар, жуатын құралдар, медициналық препараттар, т.б. алуға болады. Сондықтан қазіргі уақытта мұнайды тек қана отын ретінде ғана қолдану тиімді емес екендігі айқындалып отыр. Әйткенмен де мұнай өнімдерінің қолдануға, тасымалдауға және сақтауға ыңғайлы жоғары калориялы сұйық отын ретінде де мәні зор (9300—11000 ккал/кг).
Мұнай өнімдерін мұнайды термикалық және термохимиялық өңдеуден өткізу арқылы алады. Олардың халық шаруашылығындағы мәні қол жетерлікпен және көптеген тауарлардың өндірісінде қолдану облыстарының әр алуандығымен анықталады.
Мұнай сұйық , қатты және газ тәрізді көмірсутектердің қоспасынан түзеледі(парафинділердің-қанықтырылған; нафтендердің-циклдік қанықтырыған және ароматты). Оның құрамында сонымен қатар нафтен қышқылдардың қоспасы, оттек, азот, күкірті бар күкіртті және басқа қоспалар бар. Бірақ әр жерден алынған мұнайлардың айырмашылығы бар, десек те олардағы негізгі компонент болып парафинді көмірсутектер табылады.
Шикі мұнайды қайта өңдеуде оны ластайтын қоспалардан тазартып (әсіресе су мен тұздардан) сусыздандыру мен тұзссыздандыру әдісі арқылы өңдейді.
Бұдан соң мұнайдан отынның әр түрін, еріткіштерді, майлау майларын алады.
Қоспалардан тазартылған мұнайды толассыз жұмыс істейтін түтікше тәрізді жылытқышта ауа жібермей 250 тан 400°С-ға дейін қыздырып, ректификационды колоннаға енгізеді. Осылайша мұнайдан бензин, керосин, реактивті және дизельді отынды бөліп алады .
Мұнайдың көмірсутектер фракциялары қайнау температурасының 50-205°С -дағысы бензинге жатады (C5 -С10), ал 200-320°С - керосинге (С10 - C17) жатады. Ал мұнайдан қалған қалдық мазут деп аталады, ол қазандық отын ретінде пайдаланылады. Кейде ары қарай акүрделі майлау майларын алу үшін вакуумды құрылғыларда өңдейді.
Мазутты өңдеудің соңғы сатысы ол жабысқақ, қара түсті гудрон (битум, пек).
Мұнайдың ең бағалы бөлігі ол мұнайдың 20—25% құрайтын бензин екенін айтып өтейік.
14 - тақырып. Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру кезіндегі техникалық қауіпсіздік
Достарыңызбен бөлісу: |