1 - тақырып. Жүктерің Халықаралық көліктік жіктелуі.
Әр күн сайын автокөлік жолдары арқылы шикізат, отын, жартылайфабрикаттар, дайын өнімдер, ауылшаруашылық өнімдері сияқты әртүрлі мыңнан астам тауар өнімдері тасымалданады. Жіберу бекетінен тасымалдауға қабылдағаннан бастап және бекеттен берместен бұрын барлық тауарлық өнімдер “жүк” деген атқа ие болады. Жүктанудың мақсаты жүктердің көліктік сипаттамаларын зерттеу болып табылады, яғни жүктерді тасымалдау, тиеу және сақтауда қолданылатын техникалық құралдар мен шарттарды анықтайтын арнайы қасиеттерді зерттеу. Жүктің көліктік сипаттамасына жатады: көлемді-салмақтық сипаттама; қауіптілік дәрежесін, тасымалдаудың техникалық жағдайын анықтайтын қасиеттер; сонымен қатар ыдыс пен орау. Ол жылжымалы құрамды, тиеп-түсіру машиналарының түрлерін, пакеттеу құралдарын тасымалдау тәртіптері мен басқа да тасымалдау процесінің басқа да техника-технологиялық элементерін дұрыс таңдай білуді анықтайды.
Жүктердің көліктік сипаттамалары мен тасымал процесіндегі техника-технологиялық элементтер бір бірімен тығыз өзара байланысты және өзара тәуелді. Тіптен жүктің көліктік сипаттамасының кішкене бөлігінің ғана өзгертілуі тасымал процесінің бір немесе одан да көп техника-технологиялық элементтерінің өзгеруіне әкеледі. Мысалы, төгіп тасылатын цемент немесе минералды тыңайтқыштар сияқты жүктерді ыдыспен тасуға көшу жылжымалы құрамның, қоймалардың, тиеп-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының басқа түрлерін қолдану қажеттілігін тудырады. Бұл жағдайда пакеттеу құралдары қажет.
Сонымен бірге, жүк тасымалдаудың рационалды технологиялық процестерін құруда жүктердің көліктік сипаттамаларының жеке құраушыларының қажетті жағдайларын есепке алу және өзгерту керек, яғни:
көлемдік салмағын, ыдыс пен орау түрлерін, жеке орындардың сызықтық өлшемдерін, ылғалдылығын және т.б.. Осылайша, жүктердің көліктік сипаттамаларын жақсы меңгеру көліктің негізгі міндеттерін-уақытында және сақталған түрде, сапалы түрде, жүкті белгіленген орынға жеткізуді орындаудың қажетті шарты болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |