25
Білім беру ұйымдарында негізгі жобалар іске асырылуда:
1.
Білім алушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін
демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие
жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
2.
Дебат – зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін
қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және оқушының
болашақтағы өзін-өзі жетілдіруінің кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы.
3.
«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт». Оқу сауаттылығы – табысты,
бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін
қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтар.
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске
асырылатын болады:
«Мектептің өзін-өзі басқаруы»;
«Дебат» қозғалысы;
«Оқуға құштар мектеп»;
«Отбасы – мектеп»;
«Құқықтық сана – қауымға пана»;
«Дәстүр мен ғұрып»;
«Еңбек – елдің мұраты»;
«Үнем – қоғам қуаты»;
«Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет»
«Қоғамға қызмет»;
«Музей сабақтары»;
«Театр сабақтары» жобасы.
Достарыңызбен бөлісу: