17
Білім беру ұйымы педагогтердің және білім беру процесінің басқа да
қатысушыларының корпоративтік мәдениетін, стилін, қызметтік этикасын
сақтау бойынша бірыңғай талаптарды әзірлейді.
Білім беру ұйымдары педагогтің оң имиджін қалыптастыру бойынша
кешенді жұмыс жүргізіп, мамандықтың беделін арттыруға ықпал етуі тиіс.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді жұмысқа
қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.
Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау үшін күнтізбелік жылға
конкурстық комиссия құрылады.
Конкурсқа ҚР БҒМ-нің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен
бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес
www.enbek.kz сайтынан тіркеуден өткен және конкурсқа қажетті барлық
құжаттарды ұсынған педагогтер қатыса алады.
Конкурс 16 сағаттық нормативтік оқу жүктемесімен педагогтің бос
лауазымына өткізіледі.
Ұлттық біліктілік тестісінен кемінде 50 балл жинаған техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтары бойынша білім
алушылары мен түлектеріне «педагог» біліктілік санаты беріледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және/немесе жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының «педагог» біліктілік санаты бар
түлектері конкурс нәтижелері бойынша жұмысқа қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: