Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Балаларға  экологиялық-биологиялық  қосымша  білім  берудің



Pdf көрінісі
бет336/369
Дата11.02.2022
өлшемі4,55 Mb.
#25295
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   369
Балаларға  экологиялық-биологиялық  қосымша  білім  берудің  негізін 
табиғатты  қорғау  бойынша  оқу-зерттеу  жұмыстарын  жүргізуге,  оқу-тәрбие, 
әдістемелік,  ғылыми-зерттеу,  экологиялық-насихаттау,  мәдени-ағарту  қызметін 
қамтамасыз  етуге  бағытталған  жас  натуралистер  станциялары  мен  экологиялық-
биологиялық орталықтар, мектеп үйірмелері құрайды.     
Балалар  туризмі  мен  өлкетану  балалар  үшін  тартымды  бағыт  болып 
табылады.  Республикада  туристік-өлкетану  білім  беру  қызметін  жас  туристер-
өлкетанушылардың  станциялары  мен  орталықтары,  мектептердің,  сарайлардың, 
балалар  шығармашылығы  орталықтарының  туристік-өлкетану  үйірмелері  жүзеге 
асырады,  онда  білім  алушылардың  туристік-өлкетану  қозғалысының  әртүрлі 
бағдарламалары  іске  асырылады.  Оқушылардың  «Менің  Отаным  –  Қазақстан» 
туристік-өлкетану  экспедициясы  аясында  жас  туристер  қатысатын  түрлі  бағыттар 
бойынша  жаяу,  шаңғы,  су,  велосипед  және  басқа  да  жорықтар,  экспедициялар  мен 
экскурсиялар өткізіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет