Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет356/369
Дата11.02.2022
өлшемі4,55 Mb.
#25295
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   369
 
 
10. БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ  
 
Цифрлық  білім  беру  ресурстары  –  бұл  цифрлық  формада  ұсынылған 
фотосуреттер,  бейнефрагменттер,  статикалық  және  динамикалық  үлгілер, 
виртуалды  шынайы  және  интерактивті  үлгілеу  объектілері,  картографиялық 
материалдар,  дыбыс  жазбалары,  символдық  объектілер  және  іскерлік  графика, 
мәтіндік құжаттар және оқу процесіндегі ресурстар болып табылатын өзге де оқу 
материалдары.  
Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – цифрлық технологиялар базасында 
құрылған және жұмыс істейтін білім беру ресурстары.  
Оқыту  процесінде  пайдалану  үшін  цифрлық  ресурстардың  келесі  тізімі 
ұсынылады: 
«Duolingo».  Duolingo-да  оқыту  ойын  түрінде  өтеді:  сөздерді  дұрыс  табу, 
сөйлем  құрастыру  және  тапсырмаларды  таймермен  орындау  қажет.    Сервис 
ақпаратты қалай игергеніңізді қадағалайды және осы деректердің көмегімен жеке 
бағдарламаңызды  құрайды.  Сайт  тегін,  бірақ  ақылы  жағдайда  жарнаманы  алып 
тастауға болады. 
«Memrise».  Ондаған  тілді  үйренуге  мүмкіндік  беретін,  интерактивті 
тапсырмалар  мен  әртүрлі  тақырыптарға  (өнер,  ғылым,  мансап,  ойын-сауық  және 
т.б.)  арналған  жүздеген  курстарды  қамтитын  портал.  Сонымен  қатар,  Memrise 
дұрыс  жауап  нұсқаларын  таңдау  қажет  бейнедиалогтарды  пайдаланады. 
Қаласаңыз, басқалар пайдалану үшін оқыту курсын өзіңіз де жасай аласыз. 
«Udemy».  Пайдаланушылар  ұсынған  он  мыңдаған  курс  бар  сайт. 
Курстардың басым көпшілігі ағылшын тілінде берілген. Музыка мен дизайннан 
бастап  робототехника  мен  бухгалтерлік  есепке  дейінгі  салалар  қамтылған. 
Курстардың ұзақтығы екіден сегіз сағатқа дейін. 


371 
 
«edX».  Сайтта  әлемнің  барлық  университеттерінен  мыңдаған  онлайн-
курстар  табуға  болады.  Гарвард  немесе  Массачусетс  технологиялық 
институтының  оқушысы  ретінде  сезінудің  тамаша  тәсілі.  Философия, 
логистика,  программалау,  саясаттану,  өнертану  және  т.б.  ғылым  саласы 
бойынша мәліметтер табуға болады. 
«Coursera». Әртүрлі тақырыпқа арналған курстар бар ірі порталдардың бірі. 
Мұнда  кез  келген  тақырып  бойынша  зерттеу  жүргізе  аласыз.  Қаласаңыз,  үйден 
шықпай-ақ, қандай да бір шетелдік университеттің сертификатын алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет