Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


  ОРТА  БІЛІМ  БЕРУ  ҰЙЫМДАРЫНДА  БІЛІМ  БЕРУ  ПРОЦЕСІН



Pdf көрінісі
бет42/369
Дата11.02.2022
өлшемі4,55 Mb.
#25295
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   369
 
3.  ОРТА  БІЛІМ  БЕРУ  ҰЙЫМДАРЫНДА  БІЛІМ  БЕРУ  ПРОЦЕСІН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  
 
3.1 Мектепалды даярлық сыныптары  
 
5  жастағы  балаларды  мектепалды  даярлау  міндетті  және  отбасында, 
мектепке  дейiнгi  ұйымдардың  мектепалды  даярлық  топтарында,  жалпы  бiлiм 
беретiн  мектептердiң,  лицейлердiң  және  гимназиялардың  мектепалды 
сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң)  
30-бап). 
1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады (Заңның 31-бабы).     
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:  
-  мектепте  оқуға  қажетті  дағдыларды  жетілдіру  (жауапкершілік, 
зейінділік, дербестік, ынталылық); 
-  ұжымдық  қызметтегі  бірлескен  әрекет  дағдыларына  тәрбиелеу 
(құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);   
-  балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  мектепке  дейінгі 
ұйымнан  мектепке  көшу  кезінде  сабақтастықты  және  табысты  бейімделуді 
қамтамасыз ету;  
-  баланың  мектепке  эмоционалды  оң  көзқарасын,  оқуға  деген  ынтасын 
дамыту.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет