«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет1/50
Дата14.10.2023
өлшемі421,5 Kb.
#113764
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданының білім беру бөлімі
Аудандық әдістемелік кабинет
«Логика»

(вариативті компонент негізінде мектепалды


даярлық сыныбына арналған.)

Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің


мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Аменова Әлия Тілеуғалиқызының
іс-тәжірбиесінен .

2017ж

Казталов аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кеңесінің
сараптама шешімімен басуға ұсынылды.

Хаттама №2... «..21...» ақпан ,2017 ж.



Құрастырған:– Аменова Әлия Тілеуғали қызы Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі.

Рецензент: А.С.Орынғалиева – Аудандық әдістемілік кабинет әдіскері.
Пікір жазған:
Г.А.Жұмағазиева – Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің І санатты бастауыш мұғалімі, мектеп тренері

Бұл жинақта мектепалды даярлық бойынша математика пәнінің вариативті бөлігі негізінде оқушылардың білімін жетілдіре түсу мақсатымен мектепалды тәрбиешілеріне арналған логика бағдарламасы, сабақ үлгілері, дидактикалық материалдар ұсынылады.


Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектеп алды даярлық тәрбиешісі Аменова Алия Төлеуғалиқызының «Логика» таңдау курс бағдарламасына
Рецензия

Мектеп алды даярлық сыныбына арналған «Логика» курс бағдарламасы аптасына 1 сағат, жылыны 32 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материялдарын үлгіге ала отырып, оқушылардың алған білім, білік, дағдыларын және пәнге деген қызығушылығын артырады. А. Төлеуғалиқызы оқушыларлдың жас ерекешеліктерін ескере отырып, курс бағдарламасын құрған. Негізгі мақсаты математикалық байланыстылыөқ туралы түсінік қалыптастыру. Балалардың көрнекті-бейінді ойлауын жаңа деңгейге көтеру, олардың жалпы ойлау қабілеттерін дамыту. Күтілетін нәтижесі заттардың қасиеттері туралы түсініктері қалыптасыды, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, ой қиялы шығармашылығы дамиды.


Бұл мектеп алды даярлық тобына арналған «Логика» факультатив курсының бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің мектеп алды даярлық тәрбиеленушілерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында жасалынды. Логика тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Бұл көмекші құрал математика пәніне көмек ретінде дайындалды.

Бірлестік жетекшісі: Г.А.Жумагазиева


Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Алия Тлеугалиевна Аменованың іс-тәжірибесіне


Рецензия.

Ұсынылып отырған мектепалды даярлық сыныптарына арналған «Логика» курсының бағдарламасы 2016/2017 оқу жылындағы ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы нұсқау хатты негізге ала отырып жасақталған.


Курстың бағдарламасы негізінде сабақ жылына 34 сағат, аптасына 1 сағатқа бөлініп жоспарланған.
Математикалық байланыстар мен байланыстылық туралы түсінік қалыптастыру, балалардың көрнекті-бейнелі ойлауын жаңа деңгейге көтеру, жалпы ойлау қызметін дамыту, көзбен көріп, іштей есептеуге үйрету сынды бағдарламаның негізгі мақсаттары айқын көрсетілген.
Курс соңында күтілетін балаларда заттардың қасиеттері туралы түсініктерінің қалыптасуы, заттарды салыстыра білуі, реттік және есептік санауда жаттығуы, заттардың өлшем, материал секілді қасиеттерімен танысуы, заттардың үлкен және кіші санын анықтауы, оларды топтастыруы, ұқыпты жұмыс істеу дағдылары, ойлау қабілеттерінің дамуы сияқты нәтижелер де анық берілген.
А.Т.Аменованың құрастырған «Логика» курсының бағдарламасын жалпы білім беретін ұйымдардың мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілері басшылыққа алуына болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет