БАЛАБАҚШАЛАР МЕН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ІС-ШАРАЛАР БАРЛЫҚ БАЛАЛАР ҮШІН ТЕГІН ӨТКІЗІЛЕДІ. Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» салтанатты жиыны 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады және «Әліппе»/«Букварь» алғашқы оқулығы салтанатты түрде табыс етіледі. Іс-шараға бірінші сынып оқушылары ата-аналарының біреуіне қатысу ұсынылады. 2021 жылдың 1 қыркүйегінде 2-11-сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында республикалық сынып сағаты, ашық сабақ өтеді. Жаңа оқу жылында білім алушыларға мектеп формасы бойынша талаптар сақталады, сондай-ақ классикалық стилдегі ыңғайлы киіммен баруға рұқсат етіледі.
Білім беру ұйымдарында негізгі жобалар іске асырылуда:
Білім алушылардыңмектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін демократияландыруға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.
Дебат – зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және оқушының болашақтағы өзін-өзі жетілдіруінің кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы.
«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт». Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және оның қазіргі қоғамда коммуникативтік құзыретін қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылатын болады: