Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)
Апталық
Жылдық
Апталық
Жылдық
5
Қазақ тілі
3
102
3
102
6
Қазақ тілі
3
102
3
102
7
Қазақ тілі
3
102
2
68
8
Қазақ тілі
2
68
2
68
9
Қазақ тілі
2
68
2
68
Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;
мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар Оқу жылдамдығы – оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Оқытудың екінші негізгі кезеңінде де оқушылардың оқу жылдамдығын қалыптастыру жалғасады, алайда 5-9сыныптарда түсініп оқуға емес шапшаң оқу мен мәнерлеп оқуға басты назар аударылады.
5-сыныпта бастауыш сыныптардағыдай оқу жылдамдығын тексеруді бақылап отыру қажет. Бақылау мақсаты тез, жылдам оқу емес, түсініп оқу болатынын ескерген жөн.
5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар Мәнерлеп оқу, логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу. Оқу барысында сөз бұзылмай, автордың айтатын ойы дұрыс жеткізіледі.