Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


-сынып Неміс тілі



бет82/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   234
5-сынып

Неміс тілі

Француз тілі

1.Мектеп және оқу
1.1 Танысу. Менің мектебім. Сабақта
1.2. Сыныптағы заттар

  1. Мектеп өмірі

    1. Танысу

    2. Оқу пәндері. Оқу құралдары

  1. Жер – біздің үйіміз

    1. Менің отбасым және достарым

    2. Менің хоббиім

  1. Адам. Отбасы. Үй

    1. Менің шежірем

    2. Отбасылық дәстүрлер

  1. Қазақстан халықтарының тілі және мәдениеті

3.1 Біздің Отанымыз-Қазақстан. Қазақстан

  1. Халықтардың тілі және мәдениеті

3.1 Ұлтттар және тілдер




бойынша саяхат.
3.2 Салт-дәстүр және фольклор




3.2 Атаулы күндер және мерекелер

  1. Экология және өмір қауіпсіздігі

    1. Ас және сусындар

    2. Спорт. Тәні саудың –жаны сау




  1. Салауатты өмір салты

    1. Менің әуес ісім және бос уақытым

    2. Менің талғамдарым




6 - сынып

  1. Мектеп және оқу 1.1 Уақыт қанша болды?

1.2 Менің күн тәртібім




  1. Мектеп өмірі

    1. Күнделікті істерім

    2. Жыл мезгілдері

  1. Жер - біздің үйіміз

    1. Менің қалам/менің ауылым

    2. Менің пәтерім




  1. Адам. Отбасы. Үй

    1. Баспана

    2. Менің қалам

  1. Қазақ және неміс мәдениеті

    1. Демалу және мәдениет

    2. Мейрамдар, ұлттық тағамдар




  1. Тіл және мәдениет

    1. Мерекелер. Ұлттық тағамдар

    2. Тағам

  1. Салауатты өмір салты

    1. Менің сүйікті спорт түрім

    2. Менің отбасымдағы спорт




  1. Салауатты өмір салты

    1. Дене

    2. Сыртқы келбет




7 - сынып

  1. Менің Отаным

    1. Меің өлкемнің көрнекі жерлері

    2. Менің өлкемнің көрнекті тұлғалары


  1. Туған өлкенің тарихы

    1. Туған өлкенің көрнекі жерлері

    2. Қала және ауыл

  1. Өнер әлемінде

    1. Кино және театр

    2. Музыка және әдебиет

  1. Мәдени мұра

    1. Тарихи көрнекі жерлер

    2. Киноға, театрға, концертке шақыру

  1. Мамандықтар әлемі

    1. Мен армандайтын мамандық

    2. Болашақтағы мамандықтар

  1. Бейбіт өмір және жасампаздық уақыты

    1. Киім және мода

    2. Таңдау және сатып алу

  1. Адам және оның тілдік мүмкіндіктері

4.1 Германиядағы тілдік каникулдар 4.2. Әлемдегі оқушылардың алмасу бағдарламасы

  1. Адам және оның мүмкіндіктері

    1. Саяхат

    2. Тілдік каникул

8 - сынып

  1. Әлемдегі инновациялар

    1. Интернет

    2. Әлеуметтік желілер

  1. Әлемдегі инновациялар

    1. Масс-медиа. Интернет

    2. Әлеуметтік желілер

  1. Мәдени мұра

    1. Қазақстан мен Германияның көрнекті тұлғалары

    2. Әлемді өзгерткен жаңалықтар.

Германияның тұлғалары.

    1. Өткенге саяхат

  1. Мәдени мұра

    1. Әдебиет және кітапты таңдау

    2. Кітапхана. Медиатека

  1. Бейбітшілік пен жасампаздық уақыты

    1. Мода

    2. Киім стилі

  1. Бейбіт өмір және жасампаздық уақыты

    1. Қоршаған орта және экология

    2. Күнделікті өмірдегі жақсы әдеттер

  1. Адам және оның мүмкіндііктері

    1. Ғылым мен мәдениеттегі ұлы жетістіктер

    2. Спорттағы жетістіктер

  1. Адам және оның мүмкіндіктері

    1. Прогресс және адам өмірі

    2. Менің жеке жетістіктерім

9 - сынып

  1. Балама энергия көздері

    1. Күн энергиясы

    2. Жер энергиясы

  1. Әлемдегі инновациялар

    1. Жаңартылатын энергия көздері

    2. Жасыл энаргияны дамыту

  1. Кәсібилік және уақыт талабы:

2.1 Қазақстандағы және Германиядағы білім беру

  1. Кәсіпқойлық - уақыт талабы

2.1 Қазақстандағы және Франциядағы білім беру

2.2 Мамандық таңдау

2.2 Мамандық таңдау

  1. Тұлғалық даму

    1. Мені шабыттандыратын тұлғалар

    2. Менің жеке даму стратегиям

  1. Тұлғалық даму

    1. Сізді шабыттандыратын тұлғалар

    2. Менің тұлғалық дамуым

  1. Қазіргі замандағы адам 4.1 Адам және қоршаған орта.

4.2. Адами құндылықтар

  1. Қазіргі замандағы адам

    1. Тұлғааралық қатынастар

    2. Ынтымақтастық. Өзара әрекеттестік

Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізіледі. 5-9 сыныптарда БЖБ үшін максималды балл кемінде 7 және 20 балдан артық болмауы керек. Төменде бөлім бойынша жиынтық бағалаудың (БЖБ) нақты саны көрсетілген
(38-кесте):
38-кесте. Жиынтық бағалау

Сынып




Бөлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны


1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2*

2*

2*

2*

6-сынып

2*

2*

2*

2*

7-сынып

2*

2*

2*

2*

8-сынып

2*

2*

2*

2*

9-сынып

2*

2*

2*

2*

* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).
Тоқсандық жиынтық бағалауда (ТЖБ) тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым сынды тілдік дағдылардың барлық түрлері тексеріледі. Аралық бақылау мен жиынтық бақылау үшін жиынтық бағалау тапсырмаларын педагогтер өздері әзірлейді.

«Шетел тілі» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстарын ұйымдастыру


«Шетел тілі» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жүйелі жұмыс төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталған:

  • «Шетел тілі» пәні бойынша білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар қабылдау;

  • өзін-өзі бақылауға үйрету;

  • өзін-өзі бақылау қажеттілігін қалыптастыру;

  • орындалған жұмысқа жауапкершілік танытуға тәрбиелеу;

  • оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту.

«Шетел тілі» пәні бойынша оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау және қалпына келтіру бойынша жұмысты ұйымдастыру төмендегідей кезеңдерден тұрады:
І кезең. Жалпы қателіктерді анықтау;
II кезең. Қателерді түзету;
ІІІ кезең. Жіберілген қателіктерді талдау;

  1. кезең. Олқылықтарды жоюды жоспарлау;

  2. кезең. Олқылықтарды жою. Сыныпта талдау жұмысын жүргізу; VI кезең. Алдын алу шаралары.

І кезең. Жалпы қателіктерді анықтау
Жазбаша жұмыстарды тексеру, ауызша жауап беру, өзіндік және өзара бақылау барысында жүзеге асады.
Жазбаша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және өзі дербес орындауын қатаң бақылау ұсынылады. Қателерді анықтауға арналған жазбаша жұмыстың тиімді түрлері:

  • оқу жылының басында және соңында қателіктерді талдау бойынша жеке өзіндік жұмыс үшін әр кестеге мәліметтер матрицасын және

матрицалардың көшірмелерін құрастыра отырып, тестілеу беріледі;

  • оқу жылында дәстүрлі бақылау және кесімді бақылау жұмысы, теориялық материалды жазбаша зерттеу.

Белгілі бір тақырыптың типтік қателері мен жалпы білім беру дағдықабілеттерін анықтауға бағытталған ББҚ (білім, білу, қабілет) ауызша тексеру. Тест тапсырмаларында есте сақтауды (меңгергендерді жаңғырту), ойлауды (салыстыру, дәлелдеу, жалпылау), сөйлеуді дамытатын сұрақтар қамтылуы тиіс. Ауызша емтиханның сапасы сұрақтардың іріктелуіне және олардың қойылу реттілігіне байланысты болуы қажет. Әрбір сұрақ логикалық түрде толық, қысқа және нақты болуы керек.
Білім алушылардың бойында өзін-өзі бақылау дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру олардың қателіктерін өз бетінше табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол тәрбиелік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан тиімді. Мысалы, мынадай формаларды пайдалануға болады: «Қатені тауып, түсіндіріңіз» (өзіңіздің сыныптасыңыз жасаған, педагог жоспарлаған), «Жауабын тексеріп, қатесін түсініңіз», «Жауабыңызды бағалаңыз».
Мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің сапасы мен тиімділігін өзара бақылау педагогке білім алушылардың білімін тексеруге көмектеседі және адалдық пен әділеттілік, ұжымшылдық сияқты жеке қасиеттерінің дамуына ықпал етеді. Білімді өзара тексеру білім алушылардың белсенділігін дамытады, білімге қызығушылығын арттырады. Өзара бақылау барысында білім алушылардың жеке ерекшеліктері ашылады, білімге қызығушылығы артады.
II кезең. Қателерді түзету
Қателерді түзету қателерді анықтаумен қатар жүреді. Әрбір білім алушы өзінің «проблемалық» тақырыптарын бірнеше рет қайталауы арқылы шет тілін меңгеруде оң нәтижеге қол жеткізе алады.
- Деректер матрицасы - бұл тест нәтижелері енгізілетін кесте. Бұл сыныптағы «меңгере алу» картинасын тұтастай және әрбір білім алушыны жеке көруге мүмкіндік береді;
Қателіктерді есепке алу (барлық жазбаша жұмыстарда «меңгере алуын» бақылау). Бұл белгілі бір тақырыпты немесе ережені меңгере алмаған әр білім алушының қандай проблемалары бар екенін анықтауға мүмкіндік береді. Нақты қателіктер туралы ақпарат әрбір білім алушының мәліметтеріне енгізіледі
(39 -кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет