Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«Құқық негіздері» оқу пәні



бет123/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   234
Байланысты:
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

«Құқық негіздері» оқу пәні


Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетін қалыптастыру. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған.
«Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты - құқық жөнінде негізгі білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту.
Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға, мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды, саяси-құқықтық сананы қалыптастырады.
«Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық және мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы, Отбасы құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бөлімдерін қамтиды.
«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі: 9-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде құрастырылған. Оның басты себебі – кез келген тақырып оқушыларды бірден ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі.
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану ұсынылады:

  • «Кейс стади», оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ойларын, пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді одан әрі жоспарлау қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай туғызу;

  • белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау);

  • сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық проблемаларды талқылау;

  • оқушылардың пікірталас өткізу және құқықтық мәселелерді талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану.

Оқушылардың құқықтық мәселелер мен жағдайаттарға талдау жүргізу үшін сабақта құқықтық-нормативтік актілермен, заң түсіндірмелерімен және т.б. құқықтық деректермен жұмысты көптеп ұйымдастыру ұсынылады.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) өткізу қарастырылған (61-кесте).
61-кесте. «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9-сынып

1

1

1

1

Сонымен, «Құқық негіздері» оқу пәні бойынша 9-сыныпта бөлім үшін ғана жиынтық бағалау жүргізіледі және олардың қорытындысы бойынша жарты жылдық баға қойылады, ал тоқсан бойынша жиынтық бағалау жүргізілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет