Пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді сабақ жоспарымен сабақты ұйымдастыруарқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу
16
Жаңа сабақтан бұрын кеңес беру кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу
17
Жаңа сабақтан бұрын сенбілік немесе жексенбілік кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа мақсаттарға қол жеткізу
18
Каникул күндерінде кеңес беру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып жаңа оқу мақсаттарына қол жеткізу
19
Жазғы мектеп күндеріндегі кеңес өткізу кестесі бойынша сабақ жүргізу арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру
20
Білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг жұмысының нәтижелерін:
диагностикалық бақылау жұмысының талдамалық есебін; тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте, әдістемелік кеңесте, педагогикалық кеңесте; бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысының талдамалық есебін әдістемелік бірлестікте;
оқу жылының қорытындысы бойынша талдамалақ есепті әдістемелік бірлестікте және педагогикалық кеңесте талдау және талқылау
Аталған шараларды келесі кезеңдер бойынша жүргізу ұсынылады:
Диагностикалық жұмыс:
пәннің оқу бағдарламасы мазмұны бойынша диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (өткен оқу жылындағы күрделі тақырыптар, оқу мақсаттары);
тақырыптар бойынша білімдегі олқылығы бар оқушылардың санына байланысты өткен тақырыптардың және оқу мақсаттарының қиындық ретін анықтау;
Жоспарлау жұмысы:
пәннің оқу бағдарламасы бойынша өткен оқу жылдарының оқу мақсаттарына жаңа оқу жылындағы сәйкес келетін оқу мақсаттарын анықтау;
сәйкес келетін оқу мақсаттары анықталған сабақтардың қысқа мерзімді жоспарларын мақсаттарды үйлестіре, кіріктіре отырып дайындау;
пәннің оқу бағдарламасының оқу мақсаттары бойынша олқылықтары анықталған оқушылардың топтарымен өткізілетін кеңестер кестесін жасау.
Жүзеге асыру және талдау жұмысы:
пән бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді жоспар негізіндегі сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыра отырып, жаңа оқу мақсаттарын меңгерту;
меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән тақырыптары бойынша білім алушылар үшін қосымша оқу материалдарын дайындау;
білім алушылардың қажеттілігіне қарай және ата-аналардың келісімімен білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында, жеке консультациялар, қосымша сабақтар («демалыс мектептері», «каникулдық мектептер», «жазғы мектептер» ұйымдастыру) өткізуде пән бойынша күрделі тақырыптарды меңгерту;
білім алушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелімониторинг жұмысының нәтижесін талдаужәне әдістемелік бірлестікте талқылау ұсынылады.
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша шектеу шаралары кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауды ауызша сұрақ қою, өзара бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілеу арқылы жүргізу ұсынылады.
«Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша анықталған қателер мен олқылықтарды 4 блокқа топтастыру ұсынылады:
Бұл топтастыру білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың нақты жүйесін құруға мүмкіндік береді, өйткені жоспарлау кезінде мұғалім зерттелетін тақырыптар мен білім алушылардың олқылықтары болған тақырыптар мен оқу мақсаттарын байланыстыра алады.
Мысалы, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша өткен оқу жылындағымеңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады: 6-сыныпта: 6.1.2.1 үстемдік етушілер мен бағыныштылардың өзара қатынасын сипаттау оқу мақсаты мен 5.1.2.1. ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау оқу мақсатын; 6.3.2.2 ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау оқу мақсатын меңгерту кезінде 5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарымқатынасын анықтау оқу мақсатын тапсырмаларда кіріктіру ұсынылады; 7-сыныпта: 7.1.2.1 дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау оқу мақсатын меңгертуде 6.1.2.1 қазақ хандығындағы әлеуметтік топтардың орнын анықтау оқу мақсатын; 7.2.1.1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау оқу мақсатын меңгерту кезінде 6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру оқу мақсатын; 8-сыныпта: 8.2.3.4 Қаныш Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымын дамытудағы рөліне баға беру оқу мақсатын меңгертуде 7.2.3.4 Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерінің тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау оқу мақсатын; 8.3.1.3 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру оқу мақсатын меңгертуде 7.3.1.3 Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау оқу мақсатын; 9-сыныпта: 9.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себеп-салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау оқу мақсатын меңгертуде 8.1.1.1 демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау оқу мақсатын; 9.2.3.2 білім мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясатқа баға беру оқу мақсатын меңгертуде 8.2.3.2 кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау оқу мақсатын кіріктіріп тапсырма беру ұсынылады.