73-кесте. 10 сыныптардағы «Шетел тілі» оқу пәнінің күрделі тақырыптарының мысалы:
Ағылшын тілі
|
Неміс тілі
|
Француз тілі
|
|
10 класс
|
|
Stress and fear
|
Soziale Sicherheit – Staatsfort-schritt
|
Kazakhstan est mon pays natal
|
Independent project
|
IT-Technoligien
|
La France.La politique et l’économie
|
The material world
|
Wissenschaft und Technik
|
La santé
|
|
11 класс
|
|
Blood types
|
Soziale Sicherheit – Staatsfort-schritt
|
La cuisine française
|
Brain Technology
|
Wie sind Führereigenschaften zu entfalten
|
Les belles lettres
|
Neurones
|
Wirtschaft und Konkurrenzfähig-keit des Landes
|
La France dans l’Union européenne
|
Педагог бақылау құралдарын оңтайлы қолдану арқылы білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтырады және әрбір білім алушының белсенді жұмысын қамтамасыз етеді. Педагогтерге:
сыни ойлауды дамытуға бағытталған жағдаяттық тапсырмаларды
қолдану;
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;
оқытудың интерактивті әдістерін қолдану (жоба әдісі, пікірталас, ойын, ізденіс әдістері);
жеке кеңес, қосымша сабақтар ұйымдастыру;
«жексенбілік мектеп», «демалыс мектебі», «жазғы мектепті» саны 15 баладан асырмай ұйымдастыру ұсынылады.
Білім алушылардың сенбілік, жексенбілік сабақтарын кестеге сәйкес ұйымдастыру ұсынылады. Мұнда білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін ғана емес, сонымен қатар олардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін де мақсатты жұмыс жүргізіледі. Кеңес беру арқылы білім алушылардың әр түрлі (топтық, жеке) жұмыс түрлерін біріктіреді.
Қосымша сабақтарға дайындықты педагогтер де, білім алушылар да бірлесе жүзеге асырады. Педагог оқылатын материалдың мазмұнын логикалықдидактикалық талдаумен бірге қиындықтарды, кемшіліктерді, білім алушылардың ауызша жауаптарындағы қателіктерін және оқылатын тілдегі жазбаша жұмыстарды жүйелейді. Осы негізде ол қосымша сабақ кезінде қайта оқытылуы мүмкін тақырыптардың тізімін нақтылайды. Білім алушылар өз кезегінде қосымша сабақтарға дайындалуды үйренеді, оның шарттары алдынала өзара келісіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |