Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



бет152/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   234
78-кесте. «Геометрия» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып (ЖМБ)

1

1

2

1

10-сынып (ҚГБ)

1

1

2

1

11-сынып (ЖМБ)

1

2

2

1

11-сынып (ҚГБ)

1

1

1

1

ҚР Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 14-4-тармағына сәйкес оқу жүктемесі аптасына 1 сағат болған жағдайда қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарда «Геометрия» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан «Геометрия» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
10-11-сыныптардағы «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша ұсынымдар
2021-2022 оқу жылы бойы 5-6-сыныптардағы 10-11-сыныптардағы «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерінен шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыс жүргізу және бұл жұмысты кезең-кезеңмен өткізу ұсынылады.
1-кезең. Диагностикалық жұмыс (І тоқсанның бірінші аптасы).

  1. Кешенді диагностикалық жұмысты жүргізу.

Төмендегі кестеде сыныптар бойынша тапсырмалар әзірлеу үшін ұсынылған тақырыптар берілген.

Сынып

Тапсырмалар әзірлеу үшін ұсынылған тақырыптар

10-сынып,
Алгебра және анализ бастамалары (ҚГБ, ЖМБ)
Тапсырмалар
9-сыныпқа арналған
«Алгебра» пәнінен оқу бағдарламасының оқыту мақсаттары бойынша құрастырылады.

Екі айнымалысы бар сызықты емес теңдеулер. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі көмегімен мәтінді есептер шығару. Екі айнымалысы бар теңсіздіктер. Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесі.
Арифметикалық прогрессия. Геометриялық прогрессия. Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия.
Кез келген бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі. Бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің мәндері. Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Тригонометрия формулалары. Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет