Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



бет162/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   234
«Физика» оқу пәні
10-11-сыныптарда «Физика» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерді меңгеруіне ықпал ету;

  2. білім алушылардың интеллектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамыту, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын қалыптастыру;

  3. оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  4. меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.

Жаңа оқу жылында 10-11-сыныптар үшін төмендегі Үлгілік оқу жоспарларын таңдау мүмкіндігі бар: Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен енгізілген) немесе жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарлары.
2021 жылғы Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі
81-кестеде көрсетілген.
81-кесте. «Физика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Жалпы оқу жүктемесінің көлемі, сағат

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары

Жаңартылған мазмұнындағы үлгілік оқу жоспары

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

10 (ҚГБ)

2

68

1

34

10 (ЖМБ)

3

102

2

68

11 (ҚГБ)

2

68

1

34

11(ЖМБ)

3

102

2

68

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен енгізілген) негізінде Үлгілік оқу бағдарламаларында жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу бағдарламаларымен салыстарғанда келесі оқу мақсаттары қысқартылған (82-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет