«География» интеграциялық ғылым ретінде жаңа салаларды қамтиды. «География» пәні мұғалімінің жұмысы ақпараттық технологиялар және геоақпараттық жүйелермен тығыз байланысты.
«География» пәнінің мақсаты – оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.
Пәннің міндеттері:
оқушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды,
географиялық мәдениет пен тілді дамыту;
геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті
ұстанымдардың түсінуін дамыту;
оқушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;
оқушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін ісәрекеттер арқылы зерттеп-тану барысында құндылықтар жүйесін
қалыптастыру;
геокеңістіктік әдістер және деректермен жұмыс істейтін мамандық пен кәсіп иелері атқаратын әрекеттерді орындату арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру.
«География» оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімді қамтиды:
географиялық зерттеу әдістері;
картография және геоинформатика;
табиғатты пайдалану және геоэкология;
геоэкономика;
геосаясат;
елтану;
адамзаттың ғаламдық проблемалары.
Оқу пәнінің 10-11-сыныптарға арналған базалық білім мазмұны: «Географиялық зерттеу әдістері», «Картография және геоинформатика», «Табиғатты пайдалану және геоэкология», «Геоэкономика», «Геосаясат», «Елтану», «Адамзаттың ғаламдық проблемалары» тақырыптарын қамтиды. Оқыту «шиыршықты» принциптің негізінде оқыту мақсаттарын кеңейту, күрделендіру арқылы жүзеге асырылады.
Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы «География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1) 10-сыныпта - ЖМБ - аптасына 4 сағат, ҚГБ- аптасына 3 сағат; 2) 11-сыныпта - ЖМБ-да - аптасына 4 сағат, ҚГБ- аптасына 3 сағат.
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 84-кестеде көрсетілген.