Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



бет48/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   234
Байланысты:
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

23-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі

Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

1

Жаратылыстану

1

34

1

34

2

Жаратылыстану

1

34

1

34

3

Жаратылыстану

2

68

1

34

4

Жаратылыстану

2

68

1

34

2020 жылы төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша Үлгілік оқу бағдарламалары әзірленіп, ҚР БҒМ 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілді. Аталған оқу бағдарламаларын Академия сайтынан жүктеп алуға болады (www.nao.kz).
Ұзақ мерзімді жоспардың «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің әрқайсысының оқу мақсаттары «Мен – зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттарымен кіріктірілген, ол білім алушылардың зерттеушілік білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.
Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген
(24-кесте).
24-кесте. «Жаратылыстану» пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

Сыныптар

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2-сынып

1

1

1

1

3-сынып

1

1

1

1

4-сынып

1

1

1

1


Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспары бойынша ҚР Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 14-4-тармағына сәйкес төмендетілген жүктемемен Үлгілік оқу жоспары бойынша 1-4-сыныптарда «Жаратылыстану» пәні аптасына 1 сағат оқытылатындықтан ТЖБ жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. Ал жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша «Жаратылыстану» пәні аптасына 2 сағат оқытылатындықтан
3-4-сыныптарда ТЖБ жүргізіледі.

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ


«Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны «Дүниетану» және
«Өзін-өзі тану» пәндері арқылы беріледі.

«Дүниетану» оқу пәні


«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
Бұл оқу пәні – негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар циклі пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалық пән. Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде білім алушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына –1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты; 4-сыныпта – аптасына – 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Мұғалім дүниетану сабақтарында оқытудың түрлерін қолдана алады
(25-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет