8-сынып, Алгебра
8-сыныптың оқыту мақсаттары
|
7-сыныптың оқыту мақсаттары
|
8.1.2.3 - көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу;
|
7.1.2.3 - нөл және бүтін теріс көрсеткішті дәреженің анықтамасын және оның қасиеттерін білу;
7.1.2.4 - бүтін көрсеткішті дәреженің санды мәнін анықтау және берілген сандарды дәреже түрінде көрсету;
7.1.2.5 - алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдану;
|
8.2.1.2 - үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;
|
7.2.1.10 - (𝑎 ± 𝑏)2 = 𝑎2 ± 2𝑎𝑏 + 𝑏2 қысқаша көбейту формулаларын білу және қолдану
|
8.1.2.5 - құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;
|
7.1.2.5 - алгебралық өрнектерді ықшамдауда дәрежелердің қасиеттерін қолдану;
7.1.2.14 - тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;
|
8-сынып, Геометрия
|
8-сыныптың оқыту мақсаттары
|
7-сыныптың оқыту мақсаттары
|
8.1.1.2 көп бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын
қорытып шығару
|
7.1.1.17 - үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теорема мен оның салдарларын есептер шығаруда қолдану;
7.1.1.18 - үшбұрыштың сыртқы бұрышының анықтамасын білу және үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы дәлелдеу;
7.1.1.19 - үшбұрыштың сыртқы бұрышы туралы теореманы қолдану;
|
8.1.1.6 - тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару;
|
7.1.1.12 - үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу; 7.1.1.13 - үшбұрыштардың түрлерін ажырату;
7.1.1.14 - теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу
|
|