Сабақтың басы. Қызығушы- лықты ояту.
7 минут
Жаңа сабаққа кіріспе
10 минут
|
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді.
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері. Балалар бір-біріне жымиып күлу арқылы бір-біріне ізгі тілектерін айтады.
Жұмыс ережесімен келісу.
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз! Уақытты үнемдейміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
(ЖЖ) Түрткі сұрақтар қою. Оқушыларға бірнеше суреттерді ұсыну.
Бейнелеу өнерінің қандай түрлерін білесің? Кескіндеме дегеніміз не?
Саябаққа барып көрдің бе? Саябақтан не көрдіңдер? (ҰЖ) Талқылайық!
«Кескіндеме» ұғымымен танысу. Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері сияқты, кескіндемеде идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Жақсы суретші болу үшін табиғатты мұқият бақылап отырып, оны бейнелей білу керек. Егер шығармадағы басты әсерлегіш құрал – түстер, дақ болып келсе, онда бұл кескіндеме өнері болады. Кескіндеме құралдарына қарапайым
қарындаш, акварель гуашь, қара гель қалам, түрлі түсті қарындаштар, пастельдер, балауыз қарындаштар, маркер жатады. Кескіндемедегі басты әсерлегіштер – түстер
|
Сәлемдеседі. Тыңдайды.
Оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Сұрақтарға жауап береді. Оқушылар бейнелеу өнерінің түрлерін атайды.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар қоршаған ортадан өздеріне таныс түстерді атайды
Тақтада ілінген бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтармен, жұмыс істеу тәсілдерімен
|
Ауызша бағалау Тамаша!
«Шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.
«Керемет сурет»
«Өте ұқыпты боялған» «Сенің қолыңнан бәрі келеді» сияқты тіркестерді пайдалану.
|
Интербелсенді тақта.
Презентация.
Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, гуашь
ttps://infourok.ru/poztozdi- keskindeme-kompoziciyali-ortali- ozalis-seruen-atti-tairipa-suret-salu- klass- 2547291.html?ysclid=ldrao5leq4485 908114
|