Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет88/369
Дата07.01.2022
өлшемі4,54 Mb.
#20509
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   369
  
«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
 
«Адам  және  қоғам»  білім  беру  саласының  мазмұны  «Дүниетану»  және 
«Өзін-өзі тану» пәндері арқылы беріледі.  
 
«Дүниетану» оқу пәні  
 
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде 
отбасы,  мәдениет,  денсаулық,  қарым-қатынас,  ұлт,  қауымдастық,  мемлекет, 
қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған. 
Бұл  оқу  пәні  –  негізгі  және  жоғары  мектепте  қоғамдық-гуманитарлық 
ғылымдар  циклі  пәндерінің  негізін  қалай  отырып,  олардың  өзара  байланысы 
мен 
тәуелділігі 
жөніндегі 
білім 
жүйесін 
құрайтын 
кіріктірілген 
пропедевтикалық  пән.  Ол  Қазақстан  тұрғындарының  әлеуметтік,  моральдық, 
шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, 
үйі,  отбасы  мәселелері  негізінде  білім  алушылардың  қоршаған  орта  туралы 
түсініктерін дамытуға ықпал етеді. 
«Дүниетану»  пәні  бойынша  оқу  жүктемесінің  көлемі:  1-сыныпта  – 
аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу 
жылында – 34 сағат; 3-сыныпта – аптасына –1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты; 
4-сыныпта – аптасына – 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. 
Мұғалім  дүниетану  сабақтарында  оқытудың  түрлерін  қолдана  алады  
(25-кесте).  


77 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет