ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Пән оқытушысы: Рустемова Айнагул Кашкиновна
ЖОСПАР:
Отбасы және неке құқығы, ҚР-ның құқық саласы ретінде
Отбасы және неке құқығының жалпы сипаттамасы мен түсінігі,қағидалары
Қазақстан Республикасы неке-отбасы заңнамасының негіздері, қағидалары
Некеге тұрудың шарттары, тәртібі
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы
Ерлі-зайыптылардың тегін таңдау құқығы
Некені (ерлі-зайыптылық) тоқтату
Некенің жарамсыз деп тану
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексі болып табылады.

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.