Қазақстан республикасының отбасы және неке қҰҚЫҒының негіздері пән оқытушысы: Рустемова Айнагул Кашкиновна


Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу



бет8/9
Дата17.03.2023
өлшемі247,39 Kb.
#75095
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу

  • Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі – зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі – зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріе алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.
  •  Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.
  • Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.

Некені бұзу

  • Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет: АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
  • кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
  • бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
  • Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды.

Бақылау сұрақтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет